«Астана» ел чемпионаты финалында екінші рет жеңіске жетті

26.04.2018, 23:00    Оқылғаны: 714
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасы финалында елорда баскетболшылары екінші рет жеңіске жетіп, «Атырау Барыстары» клубын 96:79 есебімен тізе бүктірді.
 
Астаналықтар басымдық танытып, жеңіске жеткенімен, ойын шектен тыс шиеленісті өтті.
 
Бүгінгі ойын кешегіден де тартысты болды. Қонақтар бірінші минуттан бастап ширақ қимылдап, алғашқы онминуттықта алға шықты (20:22). Екінші кезең де жоғары қарқындағы табан тірескен додаға ұласты. Бірақ алай иелері дер кезінде жинақталып, үлкен үзіліске дейін таразы басын өздеріне аударды – 46:38. Ойынның екінші жартысында алаң иелері өздерінің барлық күш-жігерлерін көрсетті. «Астана» әрбір шабуылы сайын алға ұзай түсіп, баскетбол ойынының бар әдемілігін паш етті.
 
Матчтың ең үздік ойыншысы Рустам Ерғали болды, оның еншісінде – 17 ұпай. Леонидас Каселакис команда қоржынына 16 ұпай салды.
 

Естеріңізге сала кетейік, финалдық дода үш жеңіске дейін созылады. «Астана» үшінші ойынын 5 мамыр күні Атырауда өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»