«Астана» Атырауда екі рет жеңіске жетті

11.02.2017, 21:50    Оқылғаны: 1016
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Елорда баскетболшылары 10 және 11 ақпан күндері, Жайық жағасында «Атырау Барыстары» командасымен өткен екі матчта да жеңіске жетті.
 
«Астана» баскетболшылары алғашқы минуттардан-ақ үстемдік құрып, алға шықты. Алаң иелері қуып жетпек болып қанша тырысса да, ұпай айырмасы ұлғая берді. Ал ойынның екінші жартысында + 10 ұпайдан да асып кетті. Илиас Папатеодорудың шәкірттері жеңісті есепті уыстарынан шығармай, ойын аяқталғанша ұпай айырмасын сақтап қалды. Сөйтіп, түзде 64:79 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде ең көп ұпай жинаған ойыншы Йан Миллер болды, оның еншісінде – 25 ұпай.
 
Екінші күнгі ойында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Елорда баскетболшылары тағы да басымдық танытты 54:67. Статистика: Леонидас Каселакис – 20 ұпай, Александр Жигулин – 15 ұпай және Антон Пономарев – 11 ұпай.

«Астана» келесі кездесуін де түзде өткізеді. Бірақ бұл жолы – ВТБ Бірыңғай лигасы додасы аясында. 15 ақпан күні Краснодардың айбынды «Локомотив» клубымен додаға түседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»