​«Астана» оқушыларға шеберлік сабағын өткізді 

18.04.2018, 19:00    Оқылғаны: 1866
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін елорда баскетболшылары мен өзі аттас клуб Академиясының жаттықтырушылары Астана қаласындағы № 54 мектеп-лицей оқушыларына арнап, шеберлік сабағын өткізді.

Баскетболшылар мектеп оқушылары үшін спорт сабағын өткізіп, баскетбол ойнады, одан кейін жеткіншектермен білімнің маңыздылығы туралы пікір алмасып, спортпен айналысудың тұрмыс сапасын арттыруға қалай көмегі тиетіндігін және үнемі сергек болу үшін қандай жаттығулар жасау керектігін айтып, өз ойларымен бөлісті. 



«Астана» БК Бас менеджері Валерий Алексеевич Тихоненко:
- Бүгін біздің команда мен «Астана» баскетбол академиясының жаттықтырушылары шеберлік сабағын өткізді. Бұл өте қуанышты және бауырластық қатынаста өткен кездесу болды. Мұндай шаралар біз үшін өте маңызды ғана емес, сонымен қатар ойыншыларымызды жігерлендіріп, қанаттандыра түседі. Бізге керегі де – осы. Осы үшін біз ойнаймыз, осы үшін «Астана» баскетбол клубы құрылған. Бұл балалар баскетболмен айналыспаса да, ең бастысы, спортпен шұғылданса, бізге сол маңызды, бұл – біздің клубымыздың ұстанған қағидасы. Балаларға сәттілік тілеймін, біздің команда қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын.
 

Сонымен қатар, шеберлік сабағы аясында тараптар меморнадумға қол қою туралы келісті. Клуб пен мектеп арасындағы ынтымақтастық дене шынықтыру мен спортты насихаттау, балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін орнатылады. Сондай-ақ меморандум аясында бірлескен спорттық шаралар ұйымдастырылып, «Астана» баскетбол академиясында жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»