«Астана» Атырауға аттанды

09.02.2017, 19:30    Оқылғаны: 971
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Астана» баскетбол клубы Атырау қаласына ұшып кетті. Онда елордалықтар «Атырау Барыстары» командасымен баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы кезекті кездесулерін өткізеді.
 
Айта кеткіміз келетіні, елордалықтар бұл командамен биылғы маусымда үйде де, түзде де кездескен. Әрі төрт ойынның бәрінде де «Астана» баскетболшылары жеңіске жеткен болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, алдағы ойындар 10 және 11 ақпан күндері Атырау қаласында өтеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»