«Астана» түзде «Енисейге» есе жіберді

08.04.2018, 20:00    Оқылғаны: 509
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Елорда баскетбол клубы Красноярскіде жергілікті «Енисей» клубынан ұтылып қалды. Есеп  76:90.

Кездесудің басынан бастап алаң иелері ширақ қимылдап, ойын тізгінін өз қолдарына алды. Сонда да, матчтың бірінші бөлігі тең дәрежеде өтті, Алайда ойынның екінші жартысында «Енисей» дес бермей, көсіле шапты. «Астана» қуып жетуге тырысқанымен, «Енисеймен» есеп айырмасын 12 ұпайдан артық қысқарта алмады.
 
Ең көп ұпай еншілегендер: Ике Удано – 17 ұпай, 11 рет доп қақшып алды; Энтони Клеммонс  15 ұпай, 3 рет допты қағып әкетті, Джастин Картер – 13 ұпай.

«Астана» клубының бас бапкері Михаил Карпенко: 
— Біз өзімізге, бірінші кезекте, қорғаныста мүлде ұқсамадық. Жайбасарлық таныттық, жай қозғалдық, ойынымыз мандымсыз болды. Бұл шабуылымызға да әсер етті. Неге екені белгісіз, «Енисей» де бізге қонаққа келгенде, өрнекті ойын үлгісін көрсете алмаған. Сондықтан, тәуекелге бел буып, болжам жасаймын, бізге де, қарсыласымызға да өте ұзақ әуе жолы әсер етеді. Астана-Мәскеу-Красноярск  шынымен де, тауқыметі көп ұзақ жол, адамды титықтатып жібереді. Бірақ бұл ақталу емес, әрине. Біз қателерімізді түзеуге тырысып, жеңілісімізден сабақ аламыз.
 
Красноярскіден кейін елорда баскетболшылары бірден Актауға барып, 12 сәуір күні «Каспий» клубымен ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты Ұлттық лигасының 1/2 финалы аясындағы үшінші кездесуін өткізеді.


«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі кездесуін де түзде өткізеді. 15 сәуір күні елорда баскетболшылары Қазанға барып, Татарстан астанасында жергілікті УНИКС клубымен кездеседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»