«Астана» Ұлттық лиганың жартылай финалында екінші рет басым түсті

05.04.2018, 23:00    Оқылғаны: 609
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың жартылай финалдық додасында елорда клубы мен Ақтаудың «Каспий» командасы екінші ойындарын өткізді.
 
Ойын тартысты өтті деп айта алмаймыз. Кешегі матчтағыдай, алаң иелері Ақтаудан келген қонақтарын қиналмай ұтты. Есеп – 92:67.
Бірінші онминуттықта-ақ «Астана» 30-дан астап ұпай еншіледі, ал «Каспий» – небәрі 8. Бұдан кейінгі кезеңдерде астаналықтыр қарқындарын бәсеңдеткендерімен, ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ.


Матчтың ең үздік ойыншысы Александр Жигулин болды, оның еншісінде – 21 ұпай. Ал Рустам Мырзағалиев пен Вадим Щербак команда қоржынына 14 ұпайдан салды.
 

Жартылай финалдық додадағы үшініші ойын 12 сәуір күні Ақтауда өтеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»