Ұлттық лиганың жартылай финалында «Астана» алға шықты

04.04.2018, 23:00    Оқылғаны: 948
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ерлер арасындағы Ұлттық лиганың жартылай финалдық додасында бірінші ойын өтіп, елорда клубы мен Ақтаудың «Каспий» командасы кездесті.
 
Есепті алаң иелері ашты. Қонақтар да қарап қалмады. Әрі әрбір шабуылдарын сәтті аяқтап, қоржындарына ұпай салып отырды. Әйтсе де, бірінші кезеңнің ортасына қарай елорда командасы +10 ұпай айырмасымен қара үзіп кетті. Әрі бұл басымдықтарын ойынның алғашқы кезеңі аяқталғанша сақтап қалды (34:21). Екінші кезең де астаналықтардың үстемдігімен өтті. «Астана» әрбір шабуылы, әрбір соққысы сайын ұпай айырмасын ұлғайта берді. Мұны екінші кезеңнен кейінгі ойын нәтижесінен де байқауға болады – 60:34. Үшінші кезеңде қонақтар тайталасып бақты. Бірақ алаң иелері олардың көсіле шабуларына мүмкіндік бере қоймады. Соңғы кезеңде Михаила Карпенконың командасы ойын тізгінін өз қолдарында ұстап, үстемдік танытты. Матч 104:60 есебімен аяқталып, «Астана» жартылай финалдық додада алға шығып, 1 ұпай олжалады.

Ойынның ең үздік ойыншысы Леонидас Каселакис болды, оның еншісінде – 17 ұпай. Ал Рустам Мырзағалиев 14 ұпай еншіледі.

 

Ертең Астанада осы командалардың екінші кездесуі өтеді. Матчтың басталуы Астана уақытымен – 19:30-да.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалдық дода үш жеңіске дейін созылады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»