«Астана» Қазақстан кубогы аясында «Тобылды» тізерлетті

05.03.2018, 23:00    Оқылғаны: 625
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін елордада баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогы – 2018 додасы басталды.
 
Турнир «Атырау Барыстары» және «Каспий» (Ақтау) клубтары арасындағы ойынмен басталып, Атыраудан келген ұжым 84:65 есебімен жеңіске жетті. Ел кубогы аясындағы екінші матчта «Астана» Қостанайдың «Тобылымен» кездесті. Бірінші минуттан бастап алаң иелері көсіле шауып, басымдық танытты. Мұны 16 ұпай айырмасымен аяқталған бірінші онминуттықтың қорытындысынан да байқауға болады. Әр кезең сайын ұпай айырмасы ұлғая берді де, үшінші кезеңде +35 ұпайдан да асып кетті. Соңғы кезең формальды тұрғыда өтті, ешкім де «Астананың» бұл ойында жеңіске жететініне шүбә келтірген жоқ. Кездесу 96:63 есебімен аяқталып, елорда клубы үстем түсті.

Матчта ерекше көзге түскен ойыншы Вадим Щербак болды, оның еншісінде – 18 ұпай. Александр Жигулин команда қоржынына 15 ұпай салса, Дмитрий Гаврилов 14 ұпай еншіледі.  

 

Ертең, 6 наурыз күні Қазақстан кубогы аясында «Тобыл» «Атырау Барыстарымен» кездеседі, ал «Каспий» «Астанамен» додаға түседі. Ойындар «Назарбаев Университетінің» спорттық орталығында өтеді. Матчтар сағат 17:00-де және 21:00-де басталады. Кіру тегін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»