​Ерлер командаларының арасындағы баскетболдан 2018 жылдың Қазақстан Республикасының Кубогы

02.03.2018, 10:00    Оқылғаны: 286
Дереккөз:
Автор:
2018 жылдың 23 ақпанында МСК РҚБ «ҰБФ» отырысы өтіп, ерлер командаларының арасындағы 2018 жылдың Қазақстан Республикасының Кубогында қатысқандардың сандық құрамы және клубтары/командалары, сонымен қатар жарыстың өткізілу жүйесі бекітілді.

Жарыс 5-ші мен 7-ші наурыз аралығында елордада, қазіргі Кубок иегері – «Астана» Баскетбол клубы командасының үй алаңы – «Сарыарқа» Республикалық велотрегінің алаңында өтеді. Соңғы рет Кубок 3 жыл бұрын, 2014 жылы, Астанада паркет қожайындары финалда «Қапшағайды» жеңіп, жарыстың бас олжасына ие болғанда ойнатылған.

Өткізілу жүйесі мен мерзімдері:

Жарыс тегіс чемпионат жүйесі бойынша өткізіледі, финалсыз – командалар өзара бір ойыннан 1 айналымда ойнайды. Барлық матчтардың қорытындысы бойынша, қорытынды орындарды командалар 1-ден 4-ші орынға дейін бөліседі.

Жарыстың қатысушылары:
  1. «Астана» БК, Астана қ.
  2. «Барсы Атырау» БК, Атырау қ.
  3. «Каспий» БК, Ақтау қ.
  4. «Тобыл» БК, Қостанай қ.
Жарыстың қорытындылары:

Жарыстың қорытындылары бойынша жеңімпазға «Баскетболдан 2018 жылдың Қазақстан Республикасы Кубогының иегері» деген атақ беріледі. Команда диплом және Кубокпен марапатталады. Ал ойыншылар мен бапкерлер дипломдарды және алтын медальдарды сыйға алады. Жүлделі орындар алған командалар, ойыншылар және бапкерлер дипломдар мен дәрежесі сәйкес медальдармен марапатталады.

Барлық баскетбол сүйер қауымды «Сарыарқа» Велотрегінің мінбелерінде 5-ші мен 7-ші наурыз аралығында күтеміз. Ал басқа қалалардағы жанкүйерлер үшін жарыстың барлық матчтарының тікелей желі көрсетілімдері біздің сайтта қолжетімді.

Жарыс пен командалар туралы толық мәлімет, матчтардың нәтижелері мен кестесі, сондай-ақ командалар мен ойыншылардың аса толық статистикасы, жарыстың рекордтары мен үздіктері Турнирлер бөлімінде жарияланған.