«Астана» Минск «айдаһарларын» жеңді

04.03.2018, 23:00    Оқылғаны: 866
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бірінші минуттан бастап «Цмоки» алға қарай лап қойып, ұпай еншілей бастады. Команданың сұрмергені Саддлер «Астанаға» мүмкіндік беретін емес. Бірінші онминуттық қонақтардың жеңісімен аяқталды – 19:27. Екінші кезеңде алаң иелері өз қателіктерін түзеді. Тура соққылар, қорғаныста мұқият ойнау, жоғары қарқын «Астанаға» қарсыласын қуып жетуге көмектесті. Бірақ екінші кезең де қонақтардың басымдығымен тәмамдалды – 32:33.

Үлкен үзілістен кейін астаналықтар ерекше құлшыныспен шықты. Леонидас Каселакис пен Ике Удано нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Соңғысы өзінің сүйікті данктерімен көрермендерді қуанышқа бөледі. Үшінші кезеңнің аяғына қарай «Астана» +12 ұпай айырмасымен алға шықты. Ойының үшінші бөлігі 57:45 есебімен аяқталып, «Астана» үстемдік танытты. Соңғы кезең қай команданың қарымды екенін көрсетті. Кездесу 77:59 есебімен аяқталып, «Астана» жеңіске жетті.


Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана»: Леонидас Каселакис (16 + 7 рет доп қақшып алды), Ике Удано (14 + 14 рет доп қақшып алды), Джастин Картер (12) және Ларри Гордон (12).
  • «Цмоки-Минск»: Девон Саддлер (11), Джастин Грэй (11).

«Астана» БК бас бапкері м.а., Михаил Карпенко:
- Бүгін биылғы маусымдағы ең үздік қолдау көрсетілген матч болды – жанкүйерлерге рахмет! 8 наурыз қарсаңында, біз бұл жеңісімізді барлық қыздарға арнаймыз! Әрине, біз ойын басында тым күйгелектікке салындық. Ойын үстіндегі үзілістер де әсер ете қоймады – біз ойын ырғағын сезіне алмадық. Матчтың бірінші жартысында жай ғана қорғанумен болдық. Жанкештілік танытып, батылырақ қимылдай бастап едік, жағдай бірден өзгеріп сала берді. 15 ұпай айырмасын қысқартып, тіпті қуып та жеттік. Кездесудің бірінші жартысын тең дәрежеде аяқтадық. Үзіліс кезінде қарқынымызды бәсеңсітпеуді баса айтып, одан да батылырақ ойнауды тапсырдым. Мұның бәрі жүзеге асты, мен ойыншыларыма ризамын.

«Цмоки-Минска» бас бапкері, Александр Крутиков:
- Мен алаң иелерін құттықтаймын, біз ойынның екінші жартысын өте төмен деңгейде өткіздік. «Астана» жеңіске лайық болды.

 

«Астана» келесі ойындарын өз алаңында өткізеді. 5-7 наурыз күндері елордада баскетболдан ерлер арасындағы жыл сайынғы Қазақстан кубогы өтеді.

Ал ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі ойынын да «Астана» өз жерімізде өткізіп, 11 наурыз күні елорда баскетболшылары өз алаңында Мәскеу облысының «Химки» клубымен қабылдайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»