«Астана» «Атырау Барыстарын» қабылдайды

13.02.2018, 13:00    Оқылғаны: 33
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
14 және 15 ақпан күндері елорда баскетболшылары өз алаңында екі ойын өткізіп, баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында «Атырау Барыстары» командасын қабылдайды.

Осыдан бір апта бұрын ғана «Астана» атыраулықтармен түзде кездесіп, екі матчта да күмәнсіз жеңіске жеткен болатын. Михаила Карпенконың шәкірттеріне үйдегі қос ойынның оңайға түспесі анық. Себебі, «Атырау Барыстары» – қашанда намысты қолдан бермейтін, әсіресе «Астана» секілді басты бәсекелесімен табан тіресе додаға түсетін команда.

Екі ойын да «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді. Басталуы – сағат 19:00-де. Ойындарға кіру – тегін.