«Астана» түздегі бірінші ойында «Барыстарды» жеңді

06.02.2018, 10:00    Оқылғаны: 591
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Астана» және «Атырау Барыстары» командалары ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы екі ойынның біріншісін өткізіп, көрермендерді қызыққа бөледі.
 
Ойын аса тартысты өтті. Атырау командасы осал ұжым емес, лайықты деңгейде қарсылық көрсете білді. Есепті алаң иелері ашқанымен, «Астана» көп күттірмей, ойын тізгінін өз қолына алды. Бірінші кезең 12:20 есебімен аяқталып, елорда баскетболшылары алға шықты. Ал екінші онминуттықта ұпай айырмасы 20-дан асып жығылды. Сөйтіп, ойынның бірінші жартысы 31:49 есебімен аяқталып, «Астана» басымдық танытты. Үлкен үзілістен кейін алаң иелері есепті теңестіруге тырысты, бірақ «Астана» олардың ырқына көне қоймады. Әйтсе де, соңғы кезең шектен тыс тартысты өтті. «Барыстар» көсіле шауып, есепті 3 ұпайға дейін қысқартты. Алайда қонақтардың бағы басым болды. Жеңісті 84:89 есебімен «Астана» «өңгеріп» кетті.

Статистика: Антон Пономарев – 17 ұпай, Александр Жигулин және Леонидас Каселакис – 15 ұпайдан.

Бүгін, 6 ақпан күні екі команда арасындағы екінші ойын өтеді. Өтетін жері: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті залы. Басталу уақыты – сағат 19:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтта.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»