«Астана» Атырауға аттанды

04.02.2018, 12:00    Оқылғаны: 119
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Елорда баскетболшылары өз алаңында өткізген бірнеше ойындардан соң Атырауға жол тартты. Онда 5 және 6 ақпан күндері жергілікті «Атырау Барыстары» командасымен Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы кезекті ойындарын өткізеді.
 
«Атырау Барыстары» Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

 
«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылған. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017
  • Жоғары лига жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан кубогының иегері: 2009
  • Қазақстан кубогының финалына шықты: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017

«Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Михаил Карпенко алдағы «Атырау Барыстары»БК өтетін екі ойын туралы өз пікірін білдірді:
– Әлбетте, «Барыстар» командасымен өтетін ойындар біз үшін, тым болмағанда, ҚР Ұлттық лигасындағы маңызды сынақ болады. Өйткені бұл команда бұған дейінгі қарсыластарымызға қарағанда тәп-тәуір жасақталған. Олардың құрамында екі америкалық баскетболшы және Павел Ильин, Михаил Евстигнеев, Николай Бажин секілді тәжірибелі қазақстандық ойыншылар бар. «Атырау Барыстары» – ұлттық біріншілігіміде үнемі чемпиондық атаққа таласып жүрген команда. Шабуылға иек артатын команда, әрі бұл командада көбісі көшбасшыларының ойын өрнектеріне байланысты болады. Егер біз өз жоспарымызды жүзеге асырсақ, онда жеңіске жетеміз.

Ойындар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің залында өтеді. Матчтардың басталу уақыты – сағат 19:00-де.