Хордур Вильхальмсон «Астанадан» кетті

25.12.2017, 12:00    Оқылғаны: 99
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы 29 жастағы Исландия қорғаушысы Хордур Вильхальмсонмен екеуара келісімшарттың бұзылғандығын ресми түрде хабарлайды. Еңбек келісімі өзара бәтуа бойынша бұзылды.

Исландия құрамасының ойыншысы «Астанаға» биылғы маусымда ауысқан. Бұған дейін ол Испания, Грекия, Чехия, Бельгия және Италия клубтарында ойнаған болатын.

Содан бері Вильхальмсон «Астана» сапында, ВТБ Бірыңғай лигасы додасында 7 ойын өткізді. Орта есеппен әр ойында 4,9 ұпай еншілеп, 0,7 рет доп қақшып алып, 2,1 пас беріп отырды.

«Астана» баскетбол клубы Хордурге клубта атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы өміріне спорттық табыс тілейді. 
Вильхальмсонның орнын команда сапына жақында алынған Америка қорғаушысы Малкольм Грант басады. Ол осы маусымның бірінші жартысын Литваның «Невежис» клубы сапында аса жоғары деңгейде өткізген болатын.