«Астана» аттанды Мәскеуге

24.12.2017, 13:00    Оқылғаны: 496
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 25 желтоқсан күні елорда баскетболшылары тарих қойнауына еніп бара жатқан жылдағы соңғы ойынын өткізеді. ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы матчта астаналықтарды Лиганың соңғы чемпионы ЦСКА (Мәскеу) клубы қабылдайды.

«Астана» баскетболшылары биылғы маусымдағы алғашқы ойынын өз алаңында өткізіп, тура осы әскерилер клубын қабылдаған болатын. Ойын, әрине мәскеулік чемпиондардың жеңісімен аяқталған – 92:72. 

- Біз ВТБ Бірыңғай лигасының көшбасшысы ЦСКА (Мәскеу) командасына үлкен құрметпен қараймыз! Бірақ бізде қорқыныш жоқ, УНИКС-пен өткізген ойынның екінші жартысындағы қарқынды жалғастырғымыз келеді. Қандай азулы командамен ойнайтынымызды білеміз, алдағы ойынның қиындығын да түсінеміз, бірақ бұл – біздің қатарымызға жаңа ойыншы қосылғаннан кейінгі жаңа құрамда тайталасуға және осы ойында жоғары жетістікке қол жеткізуге болатын мүмкіндік, – деп өз пікірін білдірді команданың бас бапкері Костас Флеваракис.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ойынның трансляциясын сіздер Астана уақытымен 22:30-да ВТБ Бірыңғай лигасының сайты мен «Астана» БК сайтынан, сондай-ақ тікелей эфирде «QazSport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Елорда клубының келесі ойыны енді 2018 жылы өтеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»