«Астана» баскетбол клубы америкалық қорғаушымен күшейді

07.12.2017, 17:00    Оқылғаны: 628
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубының құрамына 29 жастағы америкалық баскетболшы, қорғаушы Малкольм Грант қосылды. Ойыншының бойы – 183 см.
Малкольм Грант Бруклинде дүниеге келген, баскетболмен мектеп кезінен айналыса бастаған, кейін Флориданың үздік университеттерінің бірі – баскетбол командасы дүркіреп тұрған «Майами Университетіне» түсіп, спортшы сол команда құрамында өнер көрсетті.

Грант кәсіпқой карьерасын 2012 жылы бастаған. Спортшының алғашқы клубы Кипрдегі «APOEL» болды. Кейін ол Аустралияға көшіп барып, «WollongongHawks» командасының атынан шыға бастады. 2014 жылы баскетболшы Канададағы «HalifaxRainmen» құрамына қосылса, ұзақ уақыт өтпестен «LF BasketNorrbotten» деген швед клубына ауысқан. 2015/2016 жылғы маусымда «MississaugaPower» (Канада) және «IslandStorm» (Исландия) командаларының атынан өнер көрсеткен.

Өткен маусымда баскетболшы словениялық «Tajfun» құрамында 36 ойын өткізіп, орташа есеппен 11,4 ұпай жинап отырған.

Ал осы маусымда Малкольм Грант литвалық «Nevėžis» командасының атынан өнер көрсетіп, Литва чемпионатында 10 ойын өткізді, әрбір ойында орташа есеппен 14 ұпайдан жинаған. Малкольм Гранттың  өте мерген екенін атап өту қажет, сонымен қатар, ол үш ұпайлық лақтыруларда өте сәтті – 50 %.

«Астана» Президенттік клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков команда құрамын күшейту туралы шешімін былай деп түсіндіреді:

«Баскетбол клубының бапкерлер штабымен бірігіп, команда құрамын осылай күшейтуді ұйғардық. Маусымның басынан бері «Астананың» кестесі өте тығыз болды. Естеріңізде болса, қыркүйекте команда Азия Чемпиондары Кубогына қатысып, бұл чемпионатта Қазақстанның алғашқы қола медалін жеңіп алды. Алайда Қытайда «Астана» құрамында алты легионердің екеуі ғана ойынға тартылды, бұл жағдай команда ойынына әсер етті.

Мұнымен қатар, «Астана» баскетболшылары ұлттық құраманың негізгі бөлігі екенін білесіздер. ВТБ Лигасындағы матчтарға қатар дайындала отырып, қазақстандық спортшыларымыз Әлем чемпионатындағы іріктеу матчтарына да дайындық жүргізді. Бір апта бұрын ғана Катар мен Иракқа қарсы екі ойын өткізіп, екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеттік. Бірақ мұнда да команда құрамына қатысты мәселе шықты – қазақстандық жігіттер ұлттық құрама атынан шыққанда легионерлер демалды. Бұл, әрине, командадағы жалпы түсінісіп ойнауға әсер етеді, осылайша бұл фактор ойын нәтижелеріне әсер етеді. Биыл ВТБ Лигасындағы бірінші матчтар «Астана» үшін күрделі болды – сырт алаңда бірнеше ойын өткіздік. Сондықтан қазір, чемпионат қызып тұрғанда «Астана» баскетбол клубы күшеюі қажет».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»