«Астана» ойыншылары Қазақстан құрамасы сапында Әлем чемпионаты-2019 жолдамасына таласады

22.11.2017, 14:00    Оқылғаны: 1303
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін «Астана» баскетбол клубының ойыншылары баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Катарға аттанып кетті. Онда олар 24 қараша күні Катар құрамасымен 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алғашқы ойынын өткізеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Иран, Катар және Ирак құрамаларымен D тобына түскен болатын. Біздің жігіттер осылардың әрқайсысымен екі ойыннан өткізеді (үйде және түзде).
 
Електік дода аясындағы үйдегі ойын алдымыздағы 27 қараша күні Астанада өтеді. Елорда баскетболшылары өз алаңындағы ойындарын өткізіп жүрген «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан қырандары Ирак құрамасын қабылдайды.

Сборная Казахстана по баскетболу на квалификации на Чемпионат мира 2019

Қазақстан ұлттық құрамасының сапы:
  1. Рустам Ерғали (Астана)
  2. Рустам Мырзағалиев (Астана)
  3. Антон Пономарев (Астана)
  4. Александр Жигулин (Астана)
  5. Дмитрий Гаврилов (Астана)
  6. Вадим Щербак (Астана)
  7. Максим Марчук (Астана)
  8. Анатолий Колесников (Астана)
  9. Николай Бажин (Атырау Барыстары)
  10. Аскар Мадейкин (Атырау Барыстары)
  11. Шайым Қуанов (Тобыл)
  12. Азим Ягодкин (Каспий)
  13. Аймұрат Сәткеев (Каспий)
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – Михаил Карпенко (Астана).
Бас бапкердің көмекшісі де біздің команданың өкілі – Ренатас Курилионокас.

Жігіттеріміздің алдағы матчтарда жеңіске жетулеріне тілектеспіз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»