«Астана» БК ойындарына билеттер мен абонементтер

02.11.2017, 14:00    Оқылғаны: 477
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Құрметті жанкүйерлер! ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Красноярскінің «Енисей» клубымен өтетін алдағы матчтың билеттері бүгін сатылымға шығатынын хабарлауға қуаныштымыз. Бұл ойын 18 қараша күні өтеді.
 
Сонымен қатар, сіздер үшін жағымды жаңалығымыз, біздің клуб 2017/2018 жылдар маусымын түгелдей қамтитын абонементтер шығара бастады. 2017/2018 жылдар маусымының абонементімен ВТБ Бірыңғай лигасының және Қазақстан Республикасы чемпионатының үйдегі ойындарының бәріне кіруге болады. Әрі команда плей-офф сатысына шықса, қосымша ақша төлеудің қажеті жоқ.

Абонементтердің баға санаты :
  • Орталық трибуна (А, В, С секторлары) – 5 000 теңге.
  • Қапталдағы трибуна (Е, F, G секторлары) – 3 000 теңге.
  • Жалпы зал – 2 000 теңге.
 
Абонементтерді мына байланыс телефоны арқылы хабарласып сатып алуға болады: + 7 701 777 67 31.
 
Онлайн-билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар. Қолма-қол ақшаға билеттерді «Астана билеттері» және «Меломан» кассаларынан сатып алуға болады, олар қаладағы барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан («Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Хан Шатыр» және т.б.). Билеттер бірнеше санатқа бөлінген, бір ойынға баға саясаты – 200 теңгеден 500 теңгеге дейінгі аралықта. 7 жасқа дейінгі балалар стадионға тегін кіре алады (бірақ орынсыз). Оқушылар мен студенттерге 50% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлер ақысыз кіреді (зейнеткерлік куәлігін көрсетулері керек). Билеттер сатып алу жөніндегі сұрақтарыңызбен «Тикетон» компаниясының байланыс телефондарына хабарласуға болады: 8 7172 47 63 50, 8 777 733 53 53.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»