Маусымның бірінші ойыны: «Астана» — ЦСКА

07.10.2017, 16:00    Оқылғаны: 72
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 8 қазан күні елорда баскетболшылары үшін ВТБ Бірыңғай лигасындағы бірінші матч өтеді.

Жеребенің түсуіне байланысы өз алаңымызда өтетін бірінші ойында Лиганың соңғы чемпионымен, яғни Мәскеудің ЦСКА командасымен кездесетін болдық.

Қарсылас жайлы ақпарат:


Клуб 1923 жылы құрылған.
  • КСРО чемпионы − 1945, 1960-1962, 1964-1966, 1969-1974, 1976-1984, 1988, 1990. 
  • Ресей чемпионы – 1992-2000, 2003-2015. 
  • КСРО кубогының жеңімпазы − 1972, 1973, 1982. 
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2005-2007. 
  • Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы − 1960/1961, 1962/1963, 1968/1969, 1970/1971. 
  • Еуролига чемпионы − 2005/06, 2007/08, 2015/16 
  • NEBL чемпионы − 1999/2000. 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы − 2009/2010, 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2015/2016, 2016/2017
Костас Флеваракис, «Астана» ПБК бас бапкері: 
«ЦСКА клубына қарсы біз қорғанысты өте мұқият ойнап, әрбір ойыншымыз қарсыласымыздың бір ойыншысын аңдуы керек, пик-н-ролл тәсілімен қорғанысымызды бұзып өтіп кетулеріне жол бермеуге тырысып, мейілінше сақ болуымыз қажет. Өйткені ЦСКА – бір ойында 90 ұпайдан артық жинайтын команда. Егер жеңіске жеткеткіміз келсе, онда олардың көп ұпай еншілеулеріне жол бермеуіміз керек. Өте сақ болып, доптан айырылып қалмауға тырысып, оймақтордан қайтқан допты қақшып алуда жауаптылық  таныту қажет».


Осы ретте айта кетейік, «Астана» спортшылары үшін жаңа баскетбол маусымы қыркүйектің ортасында басталып кеткен. Команда 22-30 қыркүйек аралығында Қытайдың Чэньчжоу қаласында (Хунань провинциясында) өткен «Азия чемпиондары кубогы – 2017» ірі құрлықтық баскетбол додасына қатысты. Қазақстан баскетболшылары клубтық Азия чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, осы доданың қола жүлдегері атанды. «Астана» баскетбол клубы – Қазақстан тарихында бірінші рет Азияның мәртебесі бәрінен жоғары клубтық чемпионатында жүлдеге ие болған команда.

2017/2018 жылдар маусымының басында баскетбол клубы билеттендірудің жаңа жүйесін енгізгенін айта кету маңызды. Енді «Астана» баскетбол клубының өз алаңындағы ойындарына кіру – ақылы. Билеттердің бағасы 100 теңгеден 500 теңгеге дейінгі аралықта болады. Билеттерді Ticketon.kz онлайн-платформасында, сонымен қатар ойын өтетін күні матчтың басталуына үш сағат қалғанда сатып алуға болады.

Матч 8 қазан күні «Барыс-Арена» мұзайдын сарайында, сағат 15.00-де басталады.