Костас Флеваракис және 2017/2018 маусымындағы 5 жаңа бас бапкер

03.10.2017, 15:00    Оқылғаны: 849
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Жаңа маусым – жаңа үміт. Біз бүгін лигада ойнайтын клубтардың өткен масымда көрмеген жаңа бас бапкерлеріне тоқталып өтпекпіз. Олардың үшеуі лигаға бірінші рет келіп отырған жоқ, әйтсе де 2017/18 жылдар маусымы – олардың әрқайсысы үшін жаңа мүмкіндік. Үш грек, латыш, италияндық, серб биылғы дода көрігін қыздырмақ, қалай – оны көп ұзамай көреміз.


Андреа Маццон («Автодор»)



Отаны: Италия

Жасы: 51-де

Саратовтың «Автодор» бірінші рет тәуекелге бел буып, беймәлім таланттардың бағын алғаш рет ашқалы отырған жоқ. Волга жағасындағы клуб алдағы маусымды бас бапкері ретінде Италия маманы Андреа Маццонамен бастайды. Бұл өте қызықты болатын сияқты. Ғаламторда стильді жаттықтырушы туралы ақпараттар жоққа тән. Есесіне, оның өзінің жеке сайты бар, онда жеке философиясы баяндалған. Мәселен онда былай деп жазылған:


«Меннен не қажет етсе де, мен бұл ойынды сүйемін. Баскетбол негіздерін біреуге үйретуге, ал өзім осы спорт түрін әлемде ең үздік деңгейге көтеруге үлес қосу үшін өз тұжырымдарым мен жаңа ағымдарды паш етуге асықпын. Жеңістен кейінгі көпшіліктің қуанышты айқай-шуын, еденге тиіп, қайта ұшқан доптың дыбысын және командаға сенетін жанкүйерлердің дауыстарын естігенше байыз тауып отыра алар емеспін. Ең бастысы, жаттығу алдында айналама 12 баскетболшыны жинап алып, олардың көздеріне қарап, бәріміз бір команда екенін түсінетін сәтті тағатсыз күтіп жүрмін».   
Жалпы, дәл қазір «Автордың» жаңа бас бапкері жайлы білетініміз – осы ғана. Сондай-ақ, ол маусым алдындағы матчтардың басым көпшілігінде, саратовтық дәстүрлі жылдам ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске жетті. Іс жүзінде оны көру өте қызық болады.


Димитрис Прифтис (УНИКС)



Отаны: Грекия

Жасы: 48-де

ВТБ Бірыңғай лигасында Димитрис есімді тағы бір бапкер пайда болды, ол – Димитрис Прифтис деген маман. Қазанға келгенше, Грекияның «Арис» клубында жұмыс жасаған. Аталмыш команда оның нағыз жаттықтырушы ретіндегі алғашқы ұжымы болған. Оған дейін тек көмекші қызметінде еңбек еткен. Есесіне, Прифтис екі жылдық үзіліспен, 2008 жылдан бері Грекия құрамасының бас бапкерлеріне көмекші болған.  


Қайтадан құрылымданып жатқан УНИКС секілді команда үшін Прифтис – өзінің нағыз жоғары деңгейдегі маусымында жарқырап көзге түсуге тырысатын, нағыз қажет, оңды жаттықтырушы. Биыл қазандықтар Бірыңғай лига додасынан бөлек Еурокубокта да бақ сынайды. Ал бұл – баскетболшылар үшін ғана емес, жаттықтырушы үшін де өз әлеуетін тексеруге болатын сын. Прифтистің Грекиядан басқа елде өз қабілетін көрсетуі және «Аристен» деңгейі жоғары команданы жаттықтыра алуы мүмкін бе деген сұрақтардың жауабын биылғы маусымда білетін боламыз. Бұл маман қорғаныс сұлбасын өзімен ала келді, енді оны көп ұзамай іске қосады.          


Николайс Мазурс («Парма»)



Отаны: Латвия

Жасы: 36-да

2011 жылдан 2014 жылға дейін Николайс Мазурс Латвияның әр жас шамасындағы құрамаларын жаттықтырып, ересектер деңгейіне дейін көтерілді. Содан 2014 жылы Риганың ВЭФ клубының тізгінін қолына алды. Төрт жылдан кейін Мазурс Латвияның жастарын жаттықтырант  ең үздік бапкер болып танылды.


Лига жанкүйерлеріне бұл маман Грузияның «Вита» (жалқы жеңісіне дәл осы Мазурс бас бапкер болған кезде қол жеткізген), «Автодор» және УНИКС (Қазан) клубтарында жаттықтушы болғаннан таныс. Соңғы екі командада бас бапкердің көмекшісі болған. Яғни жеке жұмыс жасауды аңсап та жүрген болар. Жаңа маусымды аталмыш коуч Пермде бастайды. Дәл қазір бұл қала ол үшін ең ыңғайлы орын шығар. Бас бапкер ретінде тұрақты жұмысқа зәру маман мен жеңіске зәру «Парма» баскетболшылары маусымды жаңа үміт, жаңа ынтамен бастайды. Бұл Мазурстің міндеті де десек болар. Маусым қарсаңындағы нәтижелі ойындары мен Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарындағы жеңістері жаңадан құрылып жатқан командаға тән үміт сәулесін тұтатып, әлден алға жетелейді.

«Парма» клубының ойындарын қалт жібермеңіздер, өте қызықты болады.


Георгиос Барцокас



Отаны: Грекия

Жасы: 52-де

Жеңімпаз-жаттықтырушы, «Олимпиакоспен» Еуролигада жеңіске жеткені үшін және «Локомотивпен» «Төртеу финалына» шыққаны үшін Георгиос Барцокасты тура осылай атайды. Испанияның «Барселонасынан» Ресейге аса жоғары нәтиже көрсете алмай оралды. Ендігі сауал, мәселе – бұл не, әркімде болатын сәтсіз тәжірибе ме, әлде карьерасындағы тұралау кезеңінің басы ма?

«Химки» жанкүйерлері осының біріншісіне сенгілері келеді. Әрі Мәскеу түбіндегі команда сапына да қағаз жүзінде ылғи ығай мен сығайлар жиналған.

«Химки» әлден жеңіске жетіп, Гомельский кубогында топ жарды. Финалда ЦСКА баскетболшыларын ұтты. Енді әскерилер клубын бұдан әрі де қапы қалдырып отыруға бекініп отыр. Оның сәті түсе берер ме екен? Биылғы маусымда-ақ көреміз. Қалай десек те, Барцокас Ресейде – бәріміз де білеміз, бұл үнемі қызықты. Қорғанысы қыршып алар ұжым, ойыншыларының барлығы дерлік шеп талғамайтындар, жұлдызды Швед – «Химки» таң қалдыруға дайын.


Зоран Лукич



Отаны: Сербия

Жасы: 46-да

Зоран Лукич – «Нижний Новгород» клубын өз қолымен, маңдай терімен ВТБ Бірыңғай лигасы деңгейіне көтерген маман. Серб маманы кезінде нижегородтықтар Лиганың 2014 жылғы финалына дейін жетіп, онда тек ЦСКА баскетболшыларынан ұтылған. Әйтсе де, Еуролигада ойнау құқығына қол жеткізген. Лукичтің Волга жағалауына қайта келуі бұған дейінгісіне ұқсас болып тұр. Сол кезде де командада әлеуеті зор ресейлік ойыншылар мен жоғары деңгейдегі бірнеше шетелдіктер болған. Дегенмен, бұл жолы оңай болмайды. Бірақ «НН» жанкүйерлері Зоран Лукич есімді дағдарысқа қарсы менеджердің қолда барды мейілінше тиімді ұқсата алатындығына шүбәсіз сенеді.

Бұл бапкердің командалары үнемі азулы командаға айналып, тіпті көшбасшылардың өзіне азуын батыра алатын. Биыл да сол үрдісінен жаңылыспауы керек…


Костас Флеваракис («Астана»)




Отаны: Грекия

Жасы: 48-де

«Астананың» бұрынғы бас бапкері Илиас Папатеодору жоғары өрлеп, Грекияның ПАОК клубына кетті. Ал Қазақстан клубы басқа бір грек маманымен, атап айтқанда, Костас Флеваракиспен келісім шартқа отырды. Бір қызығы, «Астананың» қазіргі жаттықтырушысы өз карьерасын дәл осы ПАОК клубынан бастаған. Одан кейін ондаған командада жұмыс жасап үлгерді. Олардың ішінде ең танымалы АЕК болды. Сондай-ақ, Флеваракис бес жыл бойы Швеция құрамасының тізгінін ұстаған.  


ВТБ Бірыңғай лигасы үшін грек маманы әзірше – жұмбақ. Биылғы маусымда «Астана» ойындарын қадағалап отырудың қызығы да осы болады. Флеваракистің шәкіртері ойын жылын өзге командалардың бірімен емес, өз алаңында, 8 қазан күні ЦСКА клубының өзімен бастайды. Грек грекке қарсы – бұл өте қызықты, әрі маусым басында бәрі де болуы мүмкін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»