Қытайдың «Кашгары» «Астана» БК ұтып, финалға шықты

29.09.2017, 23:00    Оқылғаны: 39
Дереккөз: ФИБА
Автор:
2017 жылғы Азия чемпиондары кубогында осы доданың соңғы чемпионы «Астана» клубымен кездесіп, шектен тыс шиеліністі өткен ойында 79:70 есебімен басым түсіп, жеңісті жолын жалғастырды.   
Қазақстан командасы ойынның соңғы ширек бөлігіне дейін, алаң иелері қарқындарын үдетіп, қыспаққа алғанша, басымдық танытты. Өте жоғары қарқында ойнады. Алайда, соңғы 10 минутта Қытай клубының еңгерзедей қорғаушылары «Астана» баскетболшыларының алыстан лақтырған соққыларының екеуінен басқасын торшеңберге дөп түсіруге мүмкіндік бермеді. Ал өздері осы кезеңде алыстан лақтырған 14 соққыларының 8-ін дәл түсірді. Бұл «Кашгар» командасының есепті қысқартуға, тіпті ойын тізгінін өз қолдарына алуға молынан жетті.

Дариус Адамс пен Джастин Картер допты дөп түсіруден дуэль өткізгендей болды. Ең соңында жолы болғанының бағы жанады ғой. Тағы да, бір ұпайы артық Адамс абыройлы болды. Ол 27 ұпай еншілеп, 7 рет допты қақшып алып, 2 қайта допты қағып әкетіп, 2 мәрте тосқауыл қойып, 2 үш ұпайлық соққысын дөп түсірді.



Әрі Адамасқа серіктері көп көмектесті: Ю Чандонг, Макан Келанбайке және Мугедаер Ксирилиджианг екі таңбалы саннан тұратын ұпайлар еншіледі. Екінші жақтан Энтони Клеммонс те өз командасының қоржынына 22 ұпай салды. Ал Андрэй Блатч бүгін де көзге түсе алмады, алаңда 6 минут қана ойнап, 4 ұпай еншіледі.    

Енді Қытай клубы екінші жартылай финалдағы «Аль Рияди» – «Петрохими» матчының жеңімпазымен кездеседі. Ал «Астана» БК ертең үшінші орын үшін додаға түседі.