«Астана» «Аль Ахли» клубын талқандап, жартылай финалға шықты

28.09.2017, 20:00    Оқылғаны: 66
Дереккөз: ФИБА
Автор:
«Астана» Дубайдың «Аль Ахли» клубын жеңіп, 2017 жылғы FIBA Азия чемпиондары кубогының жартылай финалына шықты.

Қазақстан ұжымы Араб Әмірлігі командасымен өткен ойында бірден үстемдік көрсетті. «Астана» лезде алға шығып, ойынның бірінші ширек бөлігінде 22:7 есебімен басым түсті. Әрі қарай «Ал Ахли» ойыншыларына еш мүмкіндік бермей, көсіле шапты. «Астана» допты ұршықша үйіріп, 17 нәтижелі пасты сәтті аяқтады. Ал «Аль Ахли» болса, небәрі 9 соққысын дәл түсірді. Константинос Флеверакис жаттықтыратын команда қарсыласының торшеңберін көздеуде мүлт кетпей, 40:20 есебімен басымдық танытты.   



Джастин Картер өте тиімді ойын үлгісін көрсетіп, алғашқы 18 минутта 17 ұпай еншіледі. Сондай-ақ, 3 рет допты қақшып алып, 4 пас беріп, 2 рет допты тартып әкетті. Денис Дегтярев ойынға қосылып, 14 ұпай еншілеп, 8 рет доп қақшып алды. Каис Омар Аль Шабеби тек 12 ұпаймен ғана жауап бере алды, ал Халифа Салем бұл ойында көзге түсіп, 17 ұпай еншіледі, бірақ алыстан лақтырған 20 соққысының 5-еуін ғана дәл түсірді.

«Астана» БК енді Қытайдың «Кашгар» және Филиппиннің «Чукс-ту-гоу»  командалары арасындағы кездесуде жеңіске жеткен клубпен жартылай финалда кездеседі. Ал «Аль Ахли» осы жұпта жеңіліп қалған командамен додаға түседі.