«Астана» Азия чемпиондары кубогының топтық кезеңін жеңіспен тәмамдады

26.09.2017, 19:00    Оқылғаны: 580
Дереккөз: ФИБА
Автор:
«Астана» баскетбол клубы 2017 жылғы FIBA Азия чемпиондары кубогының топтық кезеңі аяқталатын күні тағы да жеңіске жетті.

«Астана» БК Таиландтың «Моно Вампайр» деп аталатын клубынан 85:66 есебімен басым түсіп, үшінші рет жеңіске жетті де, тай клубын төртінші орынға ығыстырды. Бұл ойын матчтың төртінші ширек бөлігіне дейін тартысты өтіп, екі команда да дес бермеді. Алайда кездесудің соңғы бөлігінде қазақ командасы көсіле шауып, 19 ұпай айырмасымен басым түсті.



Энтони Клеммонс, бұған дейінгі ойындарда да аянбай жанталасып жүрген болатын, ал бүгін өз мүмкіндігін толықтай паш етіп, 20 ұпай еншілеп, 6 рет допты қақшып алды және 3 нәтижелі пас берді. Джастин Картер тағы да айрықша көзге түсіп, 27 ұпай еншілеп, «Астананың» жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты.

Майкл Синглитари ғана «Моно Вампайр» сапында сенімді ақтады, ол өз командасының қоржынына 30 ұпай салды. Ал бұл клубтың шетелдік ойыншысы Джейсон Брикман бар болғаны 7 ұпай еншілеп, алыстан лақтырған сегіз соққысының екеуін ғана оймақторға дәл түсірді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»