FIBA Азия чемпиондары-2017 кубогын көруге тұратын TOP-10 себебі

22.09.2017, 15:00    Оқылғаны: 613
Дереккөз: ФИБА
Автор:
Міне, Азиядағы ең үлкен және мәртебелі халықаралық турнир басталады, ал біз сіздердің назарларыңызды оның ең қызықты тұстарына аударғымыз келеді.

1 – Блатч «Филипиносқа» қарсы



Андрэй Блатч 2014 жылдан бастап «Гилас Филипинос» командасының символы болған. Бірақ қазір алаңның екінші шетінде ойнайтын болып отыр. Егер «Филипинос» өз елінің азаматтығын алған саңлағымен кездесетін болса, онда мұндай жағдай електік кезеңде жүзеге асады. Ал турнирдің бұл сатысында дода көрігі мейілінше қыза түседі, бәрі де болуы мүмкін. Фади Элт Хатиба мен екі шетелдік ойыншысы жоқ Ливан командасының тағы да финалға шығуы мүлде мүмкін емес. Бірақ өздері тек есе қайтаруды ғана ойлайды.

2 – Кек алуға құлшынған «Рияди» 



Ливанның «Аль Рияди» клубы финалға дейін сүрінбей жетіп, бірақ соңғы матчта алаң иелері Қытайдың «Кашгару» командасынан шектен тыс тартысты ойында ұтылып қалған.

3 – Қайта оралған Иран



2007 жылдан 2013 жылға дейін Мранның бірде-бір клубы Чемпиондар кубогында ешқашан да екінші орыннан төмен түсіп көрмеген. Бірақ былтыр бәрі де өзгеріп, олар үшінші орынмен шектелді. «Петрочими» оралды, бұл жолы олардың тәбеттері ашылған сияқты, олар тек бас бәйгені көксейді.

4 – Бәрі де жергілікті ойыншылар 



Кубоктың ерекшелігі, барлық клубтар құрамдарын шетелдік ойыншылармен нығайта түсуге тырысады. Бірақ екі команданың ғана – «ONGC” Үндістан және «Аль Шабаб» БАӘ құрамдарында бірде-бір шетелдік ойыншы жоқ. Бұл олардың өз топтарынан келесі кезеңнен шығу мүмкіндіктерінен шектей түседі. Есесіне, жергілікті ойыншыларының өз қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік туындайды.

5 – Шетелдік жұпар



Осы турнирге қатысатын көптеген командалар үшін шетелдік ойыншылар ұжымды жеңіске жетелеу, сондай-ақ команданың осал тұсын жетілдіру мақсатында шақыртылған. Мысалы, Джастин Энтони Карер «Астана» клубының ең үздік қорғаушысы, Мирза Бежич «Петрочими» командасының көшбасшысы болуы ықтимал, ал Палестинадан келген «Сарает Рамала» Энтони Виденге сенім артады. Шетелдік ойыншылардың қайсысы тәнті етіп, үмітті ақтайды? Әліптің артын бағайық!

6 – Ауысым



Жапонияның намысын «Шибуя Санрокетс» клубы қорғауы керек болатын. Бірақ олар бас тартып, Филиппиннің «Чукс-ту-гоу» клубына жол ашылды. Иә, бұл ауысым төтенше жағдайда жүзеге асты, алайда бұл оларды есепке алудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Бұл команда, яғни құрамында Кифер Равена, Джерон Тенг және Карл Круз сынды жас жұлдыздар өнер көрсететін ұжым көпшілікті таңдандыра алады.

7 –  Теңдессіз ойын үйлестіруші 



Егер «Филипинос» жайлы айтар болсақ, онда Андрэй Блатч басқа команданың намысын қорғайтын жалғыз филиппиндік ойыншы емес. Теңдессіз ойын үйлестіруші Джейсон Брикман да Тайландтың «Моно вампирлер» клубының қызғылт сары-қара жейде киеді. Оның бұл турнирде пас беру жағынан көш бастауы әбден мүмкін. Брикман Америкадағы NCAA додасында пас беру жағынан екі маусым бойы алдына жан салмаған. Бұл ойыншының тиімді өнер көрсетуі тай клубының қандай нәтижеге қол жеткізетіндігіне тікелей байланысты болады. 

8 – Сим – алып



Ергежейлі Брикманнн еңгерзедей Сим Булларға ойысайық, оның бойы – 2,16 м. Үндістандық-канадалық ойыншы Тайпейден келген «Дачин Тайгерс» командасының алаңның екі шетінде де өзгелерге қауіп төндірер алыбы болады. Ол бойы өзінен аласа қорғаушылармен тайталасуға және өздерінің оймақторын қорғауға машықтанып алған. Ол Ченжоуда көрерменде көзайымына айналар ойыншының бірі болады.

9 – Сергек серкелер 



Жұлдыздардың жарқырап өсіп келе жатқаны қашанда толқытады, алайда ардагерлердің олармен тізе қоса қимылдап, сергектік танытып жүргендерін де көріп жүрміз. Джин Абд Эль Нуар, Салим Сакакини, Рустам Ерғалиев, Ошин Сахакян сынды жігіттер қанша маусым бойы осы турнирде өз клубтарының намысын әлі де абыроймен қорғап жүр.

10  — Кім Иранды қуып жетеді?



Иран осы турнирде жүлде алудан барлық рекордтарды жаңартқан. Бес рет жеңімпаз атанды. Қытай, Ливан және Филиппин бірінші орынды төрт реттен жеңіп алды. Осы елдердің қайсысы топ жарып, Иранмен теңесе алатындығын көру қызық болады. Биылғы турнирдің қожайыны және соңғы рет чемпион болған Қытайдың мүмкіндігі мол. Бірақ Ливан мен Филиппиннің таланттары, құлшынысы мен қарқындары да жоғары.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»