Равена мен «Чукс-ту-гоу» «Астананы» сүріндірді

23.09.2017, 10:00    Оқылғаны: 463
Дереккөз: ФИБА
Автор:
Филипиннің «Чукс-ту-гоу» командасы «Астана» баскетбол клубын сүріндіріп, 2017 жылғы Азия чемпиондары кубогын жеңіспен бастады.

Филиппин командасы ойынның бірінші жартысында 43:35 есебімен жеңіліп жатқан. Бірақ суперқорғаушы Кифер Равена өз командасын алға сүйреп, матчтың екінші бөлігінде есепті теңестірсе, ал үшінші ширек бөлігінде алға да шығарды – 22:12. Осылай олар алға ұзап кетті.



Равена FIBA Азия-2017 кубогында өз өнерімен көпшілікті тәнті етіп, 22 ұпай еншіледі. Сондай-ақ 3 рет доп қақшып алып, 2 нәтижелі пас беріп, 2 мәрте допты тартып алды және 2 рет үш ұпайлық соққысын дөп түсірді. Осы елдің азаматтығын алған Исая Остин де ерекше көзге түсті. Ол 17 ұпай еншілеп, 18 рет доп қақшып және 6 мәрте блокшот жасады.

Қазақстан командасы бұл ойынды жоғары қарқында бастап, үш ұпайлық соққыларды қарша боратқан. Сөйтіп, ойынның бірінші жартысында допты 8 рет үш ұпайлық аймақтан дәл түсіріп, алға шыққан. Алайда матчтың үшінші ширек бөлігіне қарай қорғаныстары сыр бере бастады. Әйтсе де, Дмитрий Гаврилов намысты қолдан бермеуге тырысып, 11 ұпай еншілеп, 11 рет доп қақшып алды.

«Астана» үшін екінші күн де оңай болмайды; қазақстандықтар Иранның «Петрочими» деп аталатын командасымен кездеседі, ал «Чукс-ту-Гоу» «Сарает Рамала» клубымен додаға түседі. Тек төрт команда ғана келесі кезеңге шығады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»