«Астана» Литвадағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

18.09.2017, 14:30    Оқылғаны: 510
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Елорда баскетболшылары жаңа маусым қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) 22 тамыз күні Литвада бастап, 16 қыркүйекте аяқтады.

«Астана» осы оқу-жаттығу жиыны барысында 6 жолдастық кездесу өткізді. Елорда баскетболшыларының соңғы қарсыласы «Пиено Жвайгдес» командасы болып, бұл ойында «Астана» клубы басымдық танытты – 77:107. Команданың ең үздік ойыншысы Ике Удано болды. Ол бұл матчта 22 ұпай еншіледі. Ал Энтони Клеммонс пен Леонидас Каселакис команда қоржынына 17 ұпайдан салды.

Енді елорда баскетболшылары Астанаға келеді. 19 қыркүйек күні командалық фотосессияға қатысады. Содан кейін Азия чемпиондары кубогына қатысу үшін Қытайға жол тартады. Бұл дода 22 қыркүйек күні Чэньчжоу қаласында басталады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»