«Астана» «Вытаутас» клубынан да басым түсті

13.09.2017, 17:00    Оқылғаны: 436
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
13 қыркүйек күні «Астана» баскетболшылары Литваның Пренай қаласында кезекті жолдастық кездесуін өткізіп, «Вытаутас» командасымен додаға түсті.

«Астана» баскетболшылары бірінші минуттан бастап ширақ қимылдап, алға шықты. Осылай алғашқы онминуттық елорда клубының жеңісімен аяқталды. Есеп – 10:19. Екінші кезеңде де жалпы жағдай өзгерген жоқ. «Астана» әрбір шабуылы сайын ұпай айырмасын ұлғайтуға тырысты. Ойынның қорытынды есебі – 68:77. Бұл – «Астана» клубының оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесулеріндегі үшінші жеңісі.

Матчтың ең үздік ойыншысы Ике Удано болды. Ол команда қоржынына 16 ұпай салды. Ларри Гордон мен Джастин Картер тиісінше, 11 және 10 ұпайдан еншіледі.

Бүгін «Астана» тағы да бір жолдастық кездесу өткізіп, Пасвалис қаласының «Пиено Жвайгждес» деген командасымен кездеседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»