«Астана» жолдастық кездесуде Литва баскетболшыларына есе жіберді

08.09.2017, 18:00    Оқылғаны: 441
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Өткен бейсенбі күні, 7 қыркүйекте, «Астана» баскетболшылары Литвадағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық кездесуін өткізіп, осы елдің ең үздік командаларының бірі «Летувос-Ритас» клубымен кездесті. Бұл ойында алаң иелері жеңіске жетті – 79:74 (20:17, 17:25, 15:12, 27:20).

Ойынның бірінші кезеңінде алаң иелері алға шықты, ал екінші кезеңде «Астана» ойыншылары нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, матчтың бірінші жартысының соңғы онминутттығында таразы басын өздеріне қарай аударды. Кездесудің екінші жартысында Литва командасы көсіле шапты. Әйтсе де, астаналықтар ойын аяқталғанша намысты қолдан бермей тайталасты.

Матчтың ең үздік ойыншысы «Астана» клубының шабуылшысы Ике Удано болды. Ол 21 ұпай еншіледі. Ал Энтони Клеммонс команда қоржынына 14 ұпай салды.

«Астана» келесі жолдастық кездесуін 9 қыркүйек күні Утена қаласының (Литва) «Ювентус» командасымен өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»