Қазастан құрамасының ойыншылары Чемпиондар кубогында «Астана» БК намысын қорғайды

06.09.2017, 19:00    Оқылғаны: 457
Дереккөз: ФИБА
Автор:
«Астана» 2016 жылғы Азия чемпиондары кубогында көңілге қонымды нәтиже көрсете алмаған. Ал биыл құрамын Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысымен толықтырып, жоғары нәтиже көрсетуге тырысады.

«Астана» командасының FIBA-2017 Азия чемпиондар кубогына қатысатын 15 ойыншысы:
  1. Джастин Энтони Картер
  2. Дмитрий Гаврилов
  3. Максим Марчук
  4. Хордур Вильхальмссон
  5. Вадим Щербак
  6. Ларри Гордон
  7. Рустам Мырзағалиев
  8. Рустам Ерғалиев
  9. Энтони Клеммонс
  10. Леонидас Каселакис
  11. Антон Пономарев
  12. Александр Жигулин
  13. Денис Дегтярев
  14. Анатолий Колесников
  15. Ике Удано

FIBA-2017 Азия кубогына қатысқан Қазақстан құрамасының алты ойыншысы Астанаға қайтып келген. Енді олар Азияның ең басты халықаралық клубтық додасында ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, олар – Денис Дегтярев, Максим Марчук, Рустам Мырзағалиев, Антон Пономарев, Рустам Ерғалиев және Александр Жигулин.

Мырзығалиев, Пономарев және Ерғалиев үшеуі Азия кубогында Қазақстан ойыншыларының ішінде ең көп ұпай еншілеген ойыншылар болған. Бірақ онда біздің құрама бірінші кезеңде сәтсіздікке ұшыраған-ды. Нақтырақ айтқанда, топтық кезеңдегі үш ойында да жеңілістің кермек дәмін татқан болатын. Алайда, бұл жолы олар еселерін қайтаруға тырысып, қалайда жүлделі орындардың біріне ие болу үшін барлық күш-жігерлерін салуға бекініп отыр.

«Астана» БК – баскетболдан 2016/2017 жылдар маусымындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. «Астана» Қазақстанның ең әйгілі клубы болып саналады. Олар Қазақстан чемпионатында 11 рет үздік шықты (алты рет «Тигры» клубы ретінде және бес мәрте «Астана» БК ретінде). Сонымен қатар, команда бәсекелестігі өте жоғары ВТБ Бірыңғай лигасы көрігін қыздырып жүр.
«Астана» БК Азия чемпиондары кубогында Таиландтың «Моно Вампир», Иранның «Петрохими», Палестинаның «Сарейет Рамалла» және Филиппиннің жақында ғана тіркелген «Чукс-Го» командаларымен «А» тобына түсті. Ал осы кубоктың соңғы чемпионы, яғни Қытайдың «Кашгар» командасы Біріккен Араб Әмірлігі, Үндістан, Ливан және Тайпэй клубтарымен «В» тобында бақ снайды. Әр топтан төрт үздік келесі кезеңге өтіп, плей-офф жүйесімен ширек финалда додаға түседі. Әр жұпта жеңіске жеткендері жартылай финалға шығады. Ал жартылай финалда басым түскендері FIBA-2017 Азия чемпиондары кубогын сарапқа салады.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»