«Астана» VS «Каспий» – 2:0

12.01.2017, 21:20    Оқылғаны: 859
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Баскетболдан ерлер арасындағы ҚР Ұлттық лигасында кезекті екі ойын өтіп, елорданың «Астанасы» Ақтаудың «Каспий» клубын қабылдады.

Бірінші кездесу 77:59 есебімен аяқталып, астаналықтар жеңіске жетті. Бұл ойында ең көп ұпай жинаған ойыншылар – Рустам Ерғали (21 ұпай, 4/4, 3Pts), Йан Миллер (15 ұпай).

Екінші кездесуде де елорда баскетболшылары басымдық танытып, ойын 72:53 есебімен аяқталды. «Астана» қоржынына 24 ұпайды грек қорғаушысы Леонидас Каселакис салды. Дмитрий Гаврилов 16 ұпай, ал Рустам Ерғали 11 ұпай жинады.

«Астана» келесі ойынын 15 қаңтар күні түзде өткізеді. Онда елордалықтар ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Мәскеу түбіндегі «Химки» баскетбол клубымен кездеседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»