Ұлттық лига Астанада

10.01.2017, 12:00    Оқылғаны: 499
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 11 және 12 қаңтар күндері республикалық «Сарыарқа» велотрегінің залында баскетболдан ерлер арасындағы ҚР Ұлттық лигасының кезекті ойындары өтеді. Елорда баскетболшылары өз алаңында Ақтау қаласының «Каспий» командасын қабылдайды.
 
«Каспиймен» біздің команда биыл бернеше рет кездесті. Төрт ойын өткізіп, бәрінде де астаналықтардың мерейі үстем болды. «Астана» осыдан бірер күн бұрын ғана ВТБ лигасы аясындағы тартысты матчта «Нижний Новгород» клубын тізе бүктірген, яғни дәл қазір команданың көңіл-күйі жақсы. Алдағы қос ойынға Илиас Папатеодорудың шәкірттері – 100 % дайын, сақадай-сай.

Екі ойын да республикалық «Сарыарқа» велотрегінің залында өтеді. Басталуы – 19:00-де. Кіру тегін.

Командамызға қолдау көрсетуге келіңіздер, сүйікті клубымызды демеп-жебеп отырайық!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»