Жолдастық кездесу
Лаувас
Лиепаяс
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
14.09.2019, 19:00 Сн
Арена: Паланга Арена (Паланга)
73:107
Негізгі уақыт
19:29 13:25 24:29 17:24
Ойын нөмірі: FG-04
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» жолдастық кездесуде «Лиепая Арыстандарын» күйрете жеңді

15.09.2019, 10:00    Просмотров: 496
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Нептунаспен» өткен достық кездесуден кейін «Астана» Палангаға қайтып келіп, биылғы маусым аралығындағы төртінші жолдастық кездесуін де өткізіп үлгерді. Бұл жолы қазақстандықтардың қарсыласы Латвияның Лиепая қаласындағы «Лиепаяс Лаувас» командасы болды.

Латвияның бұл командасы 1992 жылы құрылған және Латвия баскетбол лигасында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Балтық лигасында да ойнаған. Команданың ең үздік жетістігі – 1996/1997 жылдар маусымындағы Латвия чемпионатында екінші орын алуы. 2017/2018 жылдар маусымында «Лиепая Арыстандары» Латвия лигасында 8-орынды қанағат тұтып, Балтық лигасында топтық кезеңнен аса алмады. Былтырғы маусымда Латвия және Эстония баскетбол лигалары бірігіп, біртұтас дода өткізді. Бірақ Лиепая командасы оған қатыса алмай, тарап кетті. Биылғы маусымда қайта жиналып, Латвия-Эстония баскетбол лигасына қатысатын болып отыр. «Астана» бұған дейін бұл командамен бірде-бір рет кездескен жоқ-тын және бұл олардың алғашқы кездесуі болды.

Бірден айта кетуге тиіспіз, біздің команданың құрамына Коти Кларк қосылып, бұл кездесуде «Астана» сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Қазақстан командасы бірінші кезеңнен бастап алға шығып, алғашқы он минуттан кейін 10 ұпай айырмасымен қара үзіп кетті. Екінші кезең де «Астана» үшін табысты болып, екі есеге жуық шамаға дейінгі ұпай айырмасымен басымдық танытты. «Лиепая Арыстандары»  үшінші кезеңде де Эмиль Райковичтің командасына төтеп бере алмады. Елордалықтар есеп айырмасын тағы 5 ұпайға арттыра түсті. Соңғы кезеңде «Астана» ойын тізгінін уысынан шығармай, 30 ұпайдан артық есеп айырмасымен үстем түсті. Сөйтіп, сары-көк жейделілер алаң иелерін ойсырата жеңді – 73:107 (19:29, 13:25, 24:29, 17:24).

Коти Кларк «Астана» сапындағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді, бірақ бұл ойындағы үздік ойыншылар Қазақстан алыптары болды – Александр Жигулин (26 ұпай, 4 рет доп қағып алды) және Асқар Майдекин (23 ұпай, 3 рет доп қағып алды және 2 рет допты тартып алды). Сондай-ақ, Джеремая Хилл да айрықша көзге түсті (14 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 5 пас және 5 рет допты тартып алды).
«Астана» ПБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі және нәтижелері:
  • 7 қыркүйек — «СиБет» БК — 74:75
  • 9 қыркүйек — «Химки» БК — 88:81
  • 12 қыркүйек — «Нептунас» БК — 79:79
  • 14 қыркүйек — «Лиепая» БК — 73:107
  • 17 қыркүйек — «Ритас» БК — 100:76
  • 19 қыркүйек — «Автодор» БК — 106:83
  • 24 қыркүйек — «ВЭФ» БК — 84:77
  • 28 қыркүйек — «Куршяй» БК

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1991 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Латвия Арена:
Қала: Лиепаяс Сайт:

Сипаттамасы