Жолдастық кездесу
Астана
Астана
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
09.09.2019, 20:30 Дс
Арена: Паланга Арена (Паланга)
81:88
Негізгі уақыт
26:22 17:18 17:24 21:24
Ойын нөмірі: FG-02
Көрермен: 0
Химки
Химки

Эмиль Райковичтің шәкірттері екінші жолдастық кездесуде «Химкиден» ұтылды

10.09.2019, 10:00    Просмотров: 456
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Литвада өтіп жатқан жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы бірінші жолдастық кездесуде Пренайдың «СиБет» командасын ұтқан «Астана» Президенттік баскетбол клубы бұдан кейін ВТБ Бірыңғай лигасындағы қарсыластарының бірі, Мәскеу облысының «Химки» клубымен кездесті.

Мәскеу облысындағы Ресейдің азулы командасы мен «Астана» маусым барысында бір-бірімен кемі екі рет додаға түседі. Өйткені, екі ұжым да ВТБ Бірыңғай лигасына жылда қатысып жүр. Өткен 8 жылда бұл командалар 16 рет кездесті. Ал 2015/2016 жылдар маусымы алдында тағдыр оларды Гарастас кубогында да жолықтырды. Өзара кездесулерде Мәскеу облысының мысы басып жүр, «Астана» тек үш рет жеңіске жетті. «Химкиліктер» өткен маусымында ВТБ Бірыңғай лигасының финалына дейін жеткен, биыл тіпті құрамын едәуір күшейтіпті және ВТБ Бірыңғай лигасында топ жаруға бекініп отырғандай.

«Химкидің» Алексей Швед, Тимофей Мозгов және Крис Крамер секілді көшбасшыларының бірнешеуі осы жолғы ойында алаңға шықпаса да, олардың құрамы онсыз да қауіпті еді. Қазақстан командасы бірінші кезеңде басым түсіп, ойынның бірінші жартысы аяқталғанда да алда тұрды. Алайда үлкен үзілістен кейін «химкиліктер» қарқындарын үдетіп, бұл кездесуді жеңіспен аяқтады – 88:81 (22:26, 18:17, 24:17, 24:21).

«Астананың» жаңа ойыншысы Джеремая Хилл 23 ұпай еншілеп, бұл жағынан үздік шықты. Александр Жигулиннің еншісінде – 20 ұпай, әрі ол 6 рет шығыршықтан қайтқан допты қағып алды. Орталық шептегі сербиялық ойыншымыз Душан Ристич 16 ұпай еншілеп, 8 рет допты қағып алып берді және 4 нәтижелі пасымен көзге түсті. Ал Малкольм Хилл 16 ұпай салып, 6 рет қайтқан допты қағып алды.

«Астана» ПБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі және нәтижелері:
  • 7 қыркүйек — «СиБет» БК — 74:75
  • 9 қыркүйек — «Химки» БК — 88:81
  • 12 қыркүйек — «Нептунас» БК — 79:79
  • 14 қыркүйек — «Лиепая» БК — 73:107
  • 17 қыркүйек — «Ритас» БК — 100:76
  • 19 қыркүйек — «Автодор» БК — 106:83
  • 24 қыркүйек — «ВЭФ» БК — 84:77
  • 28 қыркүйек — «Куршяй» БК

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1997 Клубтық түстері: сары, көк
Мемлекет: Ресей Арена: Мытищи Арена
Қала: Химки Сайт: bckhimki.ru

Сипаттамасы

«Химки» – ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Мәскеу облысынан.

Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2015, 2017, 2018, 2019
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2007
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2008
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы – 2010/2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2014/2015, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019
  • ULEB Еуропа кубогының финалына шыққан – 2008/2009
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2005/2006
  • FIBA Еуролигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2004/2005
  • ВТБ Бірыңғай лигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2009/2010
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2011/2012, 2014/2015

Команданың жалпы суреті

Химки