Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVIII Қазақстан чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
04.02.2020, 19:30 Сс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
96:55
Негізгі уақыт
22:13 27:16 26:11 21:15
Ойын нөмірі: 59
Көрермен: 0
Синегорье
Көкшетау

«Астана» Ұлттық лига додасының соңындағы ойындарын Көкше командасымен өткізеді

03.02.2020, 18:00    Просмотров: 588
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» Президенттік баскетбол клубы Ұлттық лига чемпионатының негізгі бөлігіндегі соңғы екі ойынын өз алаңында Көкшетаудың «Синегорье» клубымен өткізеді. Бұл ойындар 4 және 5 ақпан күндері елордада өтеді.

«Синегорье» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Көкшетау қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионаты Жоғарғы лигасының қола жүлдегері: 2017/2018.


Баскетбольный клуб Синегорье 2019/2020

Алдағы екі матч тек «Астана» мен «Синегорье» үшін ғана емес, жалпы биылғы ел чемпионатының негізгі бөлігіндегі соңғы ойындар болады. Елорда және Көкшетау командалары арасындағы алғашқы екеуара матчтар 24 және 25 қазан күндері астанада өткен. Онда «Астана» екі рет айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын – 24 қазанда 81:55 есебімен, ал келесі күні 94:53 есебімен үстем түскен. Сол екі матч Көкшетау командасы үшін биылғы маусымдағы алғашқы ойындар болған. Содан кейін олар басқа командалармен екі мәрте қос матчтан тұратын кездесулер өткізіп шықты. Әрі солардың тең жартысында жеңіске жетті – 16 ойынның 8-інде. Көкшетаулықтар «Атырау Барыстарын» бірде-бір рет ұта алмады, екі рет «Тобылды» тізе бүктірді, үйде және түзде бір ойыннан. Сондай-ақ, «Ақтөбе» және «Каспий» командаларын үш реттен тізерлетті. Екеуінен де түздегі бір ойында ұтылып қалды. Негізі, алдағы екі ойын Көкшетауда өтуі керек болатын. Бірақ астана командасының ойындары бір-біріне қабаттасып келгендіктен, «Синегорье» өз алаңындағы ойындарды Нұр-Сұлтанға ауыстыруға келісті.
 


Турнир кестесіндегі жағдай: екі командада ел чемпионатының негізгі бөлігінде өз орындарын тапқан, яғни алдағы екі матч турнир кестесіне ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. «Астана» бірінші орынды меншіктеп алса, «Синегорье» төртінші орынға жайғасты.

Команда құрамындағы өзгеріс: Көкшетау командасының құрамы біршама өзгерген. Командадан украиналық орталық шеп ойыншысы Станислав Завадский кетіп қалды. Сондай-ақ қазақстандық ойыншылардың екеуі «Ақтөбеге» ауысып кетті – қорғаушы Азим Ягодкин және шабуылшы Александр Папшив. Команда сапын Қазақстан қорғаушысы Констанитин Нефф торлықтырды. Ол бұл маусымды «Ақтөбе» сапында бастаған болатын. Ал жақында команда сапына америкалық шабуылшы Карим Брютон қосылды.

Қарсыластың көшбасшылары: команда сапындағы ең тиімді ойыншы – ұжымнан кетіп қалған Станислав Завадский. Ал қазір бұл рөлді өзіне шабуылшы Роман Лагутин алып жүр. Ол орта есеппен әр ойында 17,4 ұпайдан еншілеп, 3,6 пастан беріп келеді. Шабуылшы Роман Марчук – біздің Максим Марчуктің ағасы, әр ойында 10 ұпайдан жоғары еншілеп жүр. Шығыршық түбінде Өзбекстанның орталық шептегі тәжірибелі ойыншысы Дмитрий Свиридов сенімді ақтап келеді. Ол көптен бері Қазақстан клубтарында ойнап жүр. Көкшетау командасының негізгі ойын үйлестірушісі – Вадим Коржов. Ол бір ойында орта есеппен, шамамен 4 нәтижелі пастан беріп келеді. Сонымен қатар, тәжірибелі шабуылшылар Василий Петришенца мен Станислава Рововойды да атап өткен жөн. Соңғысы бастапқы бестікке жиі ілігеді. Ал америкалық Карим Брютонға келсек, ол көкшеліктер сапында бір ғана ойын өткізді. Әйтсе де, 16 ұпай еншілеп, 7 ретт доп қағып алды.
 


Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері – 4 және 5 ақпада Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Екі ойынның да басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Кіру – тегін. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» ел чемпионаты соңында «Синегорьені» сүріндірді

05.02.2020, 10:00    Просмотров: 646
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» Президенттік баскетбол клубы «Синегорье» командасын екі матчтық кездесудің біріншісінде ойсырата ұтып, Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасындағы жеңісті жолын жалғады.

Бүгінгі матчтың хаттамасына қазақстандық ойыншылармен бірге Стефен Холт пен Душан Ристич тіркелді. Әрі бұған дейінгі, Ұлттық лига аясында «Каспий» командасымен өткен, легионерлер алаңға мүлдем шықпаған, екі матчпен салыстырғанда, бүгінгі ойында Душан да, Стефен де, бастапқы бестікте ойнады. Бұл екеуімен бірге алаңға алғашқы минуттан бастап Роберт Пан, Рустам Мырзағалиев және Максим Марчук үшеуі шықты.

Ортаға лақтырылған допты көкшетаулықтар қағып әкеткенімен, олар бірінші шабуылдарында мүлт кетті. Ал Роберт Пан біздің бірінші шабуылымызды сәтті аяқтап, есеп ашты. Ойын басында біздің жігіттер басымдық танытып, әр минут сайын есеп айырмасын ұлғайта түсті. Тура төрт минут өткенде, Душан Ристич есеп айырмасын 10 ұпайға жеткізді. Бұдан кейін Көкше командасы есепті қысқарта алды, бірақ бірінші кезеңнің аяғына дейін негізінен 10 ұпай айырмасы сақталып тұрды. Екінші кезең де осылай, бірінші кезеңнің екінші бөлігіндегідей өтіп, екі команда тең дәрежеде ойнады. Тіпті Андрей Литвиненко есеп айырмасын «+14» ұпайға жеткізгенде де, көкшетаулықтар табандылық танытып, тайталаса берді. Олар әрі кезеңнің ортасына қарай есеп айырмасын тағы да 9 ұпайға дейін қысқартты. Алайда матчтың бірінші бөлігінің қалған 5 минутында біздің команда тағы да құйындай орап соғып, есеп айырмасын ұлғайта түсті. Астана баскетболшыларының қарқындары үдей түсіп, үлкен үзіліс алдындағы соңғы минутта Стефен Холт екі айып соққысын мүлтіксіз орындады. Сөйтіп, матчтың бірінші жартысы аса ірі есеппен аяқталды – 29:49.



Ойынның бірінші жартысында «+20» ұпаймен қара үзіп кеткен «Астананың» бұл ойында жеңіске жететініне күмән келтіру мүмкін емес еді. Оның үстіне, Эмиль Райковичтің командасы үшінші кезеңде де тізгін тартқан жоқ. Қарсыласымыз үшінші кезеңде серпіліс жасап, табан тіресе додаға түскенімен, біздің жігіттер оларды сабаларына тез түсіріп, есеп айырмасын қайтадан кезең басындағы шамаға жеткізді. Үшінші кезеңнің соңында «сары-көкшілдер» толықтай үстемдік құрып, қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермеді. Стефен Холт пен Вадим Щербак үшінші онминуттықтың аяғында астана командасының басымдығын «+35» ұпайға жеткізді. Соңғы кезеңнің екі минутқа да жетпес уақыты өткенде, тағы да Вадим Щербак өзінің кезекті үш ұпайлық добымен «Астананы» қарсыласы қуып жете алмастай шамаға жеткізді. Бірер минуттан кейін Александр Жигулин бірнеше шабуылды сәтті аяқтап, «Астана» «+48» ұпаймен қара үзіп кетті. Мұндай есеп айырмасы «Синегорье» еңсе көтере аларлықтай емес еді, әрі уақыт та аз қалған. Десек те, көкшетаулықтар күш-жігерлерін салып, тағы да талпынып көруге тырысты. Әйтсе де, «Астана» қарсыласын күйрете жеңді. Есеп – 55:96 (13:22, 16:27, 11:26, 15:21).

Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Астана» – Душан Ристич 12 ұпай еншілеп, 8 рет доп қағып алып, 3 пас берді және 2 рет тосқауыл қойды. Стефен Холт өз еншісіне 16 ұпай жазып, 4 рет доп қағып алды. Қазақстан ойыншылары ішінде ең тиімді және нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен Вадим Щербак болды – 12 ұпай және 3 рет допты тартып әкетті. Ал Александр Жигулин, Дмитрий Гаврилов және Рустам Мырзағалиев бүгін 10 ұпайден еншіледі.
  • «Синегорье» – қарсыласымыздың сапында командаға жақында ғана қосылған америкалық шабуылшы Карим Брютон үздік болды – 19 ұпай және 4 рет доп қағып алды. Қазақстан шабуылшысы Василий Петришинец 9 ұпай еншілеп, 5 рет доп қағып алды.

Салдары: біздің командаға да, қарсыласымызға да бір ойын қалды. Турнир кестесіндегі жағдай өзгеріссіз қала береді. Ал елорда командасына ел чемпионатының негізгі бөлігін жеңіліссіз аяқтау үшін бір жеңіс қана қалды.

Келесі матч: ертең, яғни 5 ақпан күні «Астана» мен «Синегорье» арасында, биылғы Ұлттық лига чемпионатының негізгі бөлігіндегі соңғы ойын өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да.
 

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, Ticketon.kz сайтында елорда командасының ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, өз алаңында, өткізетін алдағы ойындарына билеттер сатыла бастады – 10 ақпан күні ЦСКА (Мәскеу) және 14 ақпанда «Химки» (Мәскеу облысы) клубтарымен.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2000 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: БЖСМ «Триатлон»
Қала: Көкшетау Сайт: www.scsg.kz

Сипаттамасы

«Синегорье» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Көкшетау қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионаты Жоғарғы лигасының қола жүлдегері: 2017/2018.

Команданың жалпы суреті

Синегорье