Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVII Қазақстан чемпионаты
Астана
Нұр-Сұлтан
Ұлттық лига, Плей-офф 1/2 финалы
19.05.2019, 14:00 Жс
Арена: Назарбаев Университет (Нұр-Султан)
122:74
Негізгі уақыт
35:23 26:18 28:15 33:18
Ойын нөмірі: 2
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

«Астананың» жетінші рет Қазақстан чемпионы болуға лайық ойын үлгісі

19.05.2019, 20:00    Просмотров: 109
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Елордада «Астана» мен «Тобыл» арасындағы, Ұлттық лиганың плей-офф сатысындағы жартылай финалдық ойындардың екеуі де аяқталып, астаналықтар жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Биылғы ел чемпионатында біздің командамыздың бірде-бір рет ұтылмай, турнир кестесінде бірінші орынға ие болғандығынан бастағымыз келеді. Жартылай финалда астана командасының қарсыласы Қостанайдың «Тобылы» болды. «Астана» бұл қарсыласын ел чемпионатының негізгі бөлігінде айқын басымдықпен ұтқан болатын. 18 мамыр күні өткен, бірінші матчта да, ойын тізгінін толықтай өз қолында ұстады. Әрі аса жоғары жылдамдықта ойнап, қостанайлықтар біздің жігіттерге ілесе алмай қалды. Осыдан бұл ойындағы есеп айырмасы да тым алшақ болды – 45 ұпай. Біздің командамыз ұпай айырмасымен ғана емес, осы матчта 120 ұпай еншілегенімен де мақтана алады. Сонда, орта есеппен әр кезеңде 30 ұпайдан еншілеп отырды – 120:75.  

Біздің команда сапындағы, бірінші ойында ең көп ұпай еншілегендер: Стефен Холт (23 + 6 рет доп қағып алды, 7 пас және 3 рет допты «қиып» әкетті), Джеффри Гроселл (19+12 рет доп қағып алды).
 

Келесі күні екінші ойын, яғни жартылай финалдағы соңғы матч өтіп, оның қорытындысы бойынша осы жұптағы жеңімпаз анықталды. Бұл кездесу де тура осының алдындағы матч секілді басталды. «Астана» қарқынын үдете түсіп, қарсыласы оған төтеп бере алмай қалды. Әрі олар әр минут сайын астана ұжымын алысқа ұзатып алды. Ойын өрнегі барлық кезеңде де бірінші матчтың мәтініне ұқсас тұрғыда өрбіп, кешегі нәтиже қайталанды. Бүгін «Астана» 48 ұпай айырмасымен үстемдік танытып, қорытынды есепте тағы да 120 санына жетіп, тіпті одан асып та түсті – 122:74.   

Біздің команда сапындағы, екінші ойында ең көп ұпай еншілегендер: Дмитрий Гаврилов (20 + 5 рет доп қағып алды және 3 пас) және Кеннет Хортон (17 + 4 рет доп қағып алды және 5 рет допты «қиып» әкетті).
 

Жартылай финалдағы осындай ірі жеңістер «Астананың» биыл да ел біріншілігінде топ жаратындығына күмән келтірмеуге негіз бола алады. Чемпионаттың аяқталуына да аз қалды, оған да көз жеткізе жатармыз. 28 мамыр күні финалдық текетірестің соңғы ойынын өткізу жоспарланған. Жалпы, финалдық дода да екі матчқа созылады. Ал финалдағы қарсыласымыз 21 мамыр күні «Атырау Барыстары» мен «Алматы Легионы» арасындағы шешуші ойынның қорытындысы бойынша анықталады. Естеріңізге сала кетейік, аталған екі команда арасындағы, Алматыда өткен бірінші матчта, жасыл-ақ жейделілер «легиондардан» басым түскен болатын.

Осы екі ойынның біріншісінде астана клубының Бас менеджері Валерий Алексеевич Тихоненко «Астанаға» жан-тәнімен берілген жанкүйерлердің біріне, яғни Асқар Бөлегеновке естелік сыйлықтар мен команданың жейдесін табыс етті.



Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2003 Клубтық түстері: сары, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: СК «Динамо»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғары лигасының күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шықты: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018

Команданың жалпы суреті

Тобыл