Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXVII Қазақстан чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
23.01.2019, 19:30 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
104:54
Негізгі уақыт
27:10 18:13 26:13 33:18
Ойын нөмірі: 65
Көрермен: 0
Барсы Атырау 2
Атырау

«Астана» бірінші ойында «АМУ Атырау Барыстарын» тізе бүктірді

24.01.2019, 12:00    Просмотров: 731
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
23 қаңтар күні елордада «Астана» ПБК және «АМУ Атырау Барыстары» командалары арасындағы, ел чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы кезекті екі ойынның біріншісі өтіп, алаң иелері, яғни «Астана» командасы жеңіске жетті. Есеп – 104:54 (27:10, 18:13, 26:13, 33:18).

Матчтың үздік ойыншылары: Николай Бажин — 8 ұпай, 13 рет допты қағып алды, 6 пас, 3 рет допты қағып әкетті, тиімділігі — 26. Рустам Мырзағалиев  — 20 ұпай, 3 рет допты қағып алды, 4 пас, Максим Марчук – 17 ұпай, 6 рет допты қағып алды, 6 пас, Дмитрий Гаврилов – 16 ұпай, 6 рет допты қағып алды, 1 пас, Асқар Майдекин — 14 ұпай және 6 рет допты қағып алды, ал Руслан Айтқали дабл-дабл жасады – 16 ұпай, 11 рет допты қағып алды және 3 пас.

Екінші матч бүгін, яғни 24 қаңтар күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Ойынның басталуы – 19:30-да.

 

Сонымен қатар, естеріңізге сала кетейік, осы аптада, жексенбі күні, 2019 жылғы 27 қаңтарда, «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті ойыны өтіп, «Астана» баскетбол клубы Латвияның ВЭФ (Рига) клубын қабылдайды. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері 
Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2015 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы