Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2018
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Тұрақты біріншілік
07.03.2018, 18:00 Ср
Арена: Назарбаев Университет (Астана)
72:61
Негізгі уақыт
17:21 20:10 23:16 12:14
Ойын нөмірі: 06
Көрермен: 0
Атырау Барыстары
Атырау

«Астана» – баскетболдан 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері

07.03.2018, 23:00    Просмотров: 193
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогы додасының финалы өтіп, ел ішіндегі бітіспес қарсыластар «Астана» БК және «Атырау Барыстары» БК додаға түсті.
 
Былтыр да финалда дәл осы екі команда ел кубогының бас бәйгесін сарапқа салып, «Астана» жеңіске лайық екенін көрсете білген. Биылғы финалдық ойын да оңай болған жоқ, шектен тыс тартысты және шиеленісті өтті.
 
Есепті Атырау қаласының командасы ашты, «Астана» екі ұпайлық соққымен жауап берді. Жайық жағасынан келген ұжым доға сыртынан шабуылдай бастады. «Астана» да қалыспай, допты алыстан дөп түсіре білетіндігін паш етті. Бірінші кезең біршама тыныш өтіп, «Барыстар» басым түсті – 21:17. Екінші онминуттық жоғары қарқында басталды. Қонақтар қателесіп, мүлт кете бастады. Мұны «Астана» ұтымды пайдалана білді. Сөйтіп, екінші кезең аяқталғанша, «Астана» алға шықты – 37:31. Үлкен үзілістен кейін Михаил Карпенконың шәкірттері қарсыластарына жеңіс туралы ойлауға да ешқандай да мүмкіндік бермей, көсіле сілтеді. Үшінші кезеңде доп айырмасы +15 болып, елордалықтар қара үзіп кетті. Соңғы онминуттық екі ұжым үшін де бітпей қойғандай, созылып кеткендей болды. Командалар шаршады, әрбір ойыншының үш-төрттен ескертулері бар еді, әрі әрбәр қимыл-әрекеттің бағасы мейілінше зор болды. Әйтсе де, бұл ойынға әсерін тигізбеді, «Астана» ойыншылары көрермендерді әдемі данктармен және орындалуы күрделі соққылармен сүйсіндірді. Кездесу 72:61 есебімен аяқталып, «Астана» жеңіске жетті. Елорда баскетболшылары алтыншы рет Қазақстан кубогының иегері атанды.

«Атырау Барыстары» күміс жүлдегер атанып, қола жүлде аса тартысты өткен матчта Қостанайдың «Тобылына» бұйырды.
 

«Астана» БК бас бапкері м.а., Михаил Карпенко:
- Сөз жоқ, ойын нәтижесіне ризамыз. Жеңіске жету – қашан да қуанышты ғой, өзіміздің ең үздік команда екенімізді дәлелдеудің де қуанышы зор. Ойын барысында өзімізге соншалықты сенімді болмаған сәттеріміз де болды. Десек те, біз үш ойында да жеңіске жеттік. Доп айырмасы да көңілге қонымды болды, яғни біз шынымен де қарымды командамыз деп айтуға болады. Мен үшін бұл – «Астана» сапындағы алғашқы жеңімпаздық атақ, бірінші кубок. Мен өте қуаныштымын, командаға түгелдей, ойыншылардың бәріне, басшыларға сенім артқандары және осы кубокты жеңіп алуға көмектескендері үшін алғыс айтқым келеді. Өз басым бұл жеңісті алыстағы отбасыма, жұбайыма, қыздарыма және ата-анама арнағым келеді, олар – менің ең адал, айнымас жанкүйерлерім. Бұл осы маусымдағы соңғы жеңіс емес деп үміттенемін. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет, тағы да жеңіс құтты болсын!

Баскетболдың ежелгі дәстүрі бойынша Қазақстан кубогының үздік бестігі анықталды:
  • Үздік ойын үйлестіруші қорғаушы — Азим Ягодкин («Каспий» БК)
  • Үздік шабуылдаушы қорғаушы — Шайым Қуанов («Тобыл» БК)
  • Үздік жеңіл шабуылшы — Рустам Ерғали («Астана» БК)
  • Үздік ауыр шабуылшы — Александр Жигулин («Астана» БК)
  • Үздік орталық ойыншы — Павел Михеев («Каспий» БК)
 

 «Астана» командасын, барлық ойыншыларын, жаттықтырушылар құрамын және клуб басшыларын биылғы маусымдағы бірінші ерен жетістіктерімен тағы да құттықтаймыз!
 
«Астана» келесі ойынын өз алаңында өткізіп, 11 наурыз күні ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Мәскеу облысының «Химки» клубымен қабылдайды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: АМУ Х. Досмұхамедов атындағы
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан кубогының иегері: 2009
  • Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017