Ерлер арасындағы XXVI ҚР чемпионаты - Ұлттық лига
Атырау Барыстары
Атырау
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
06.02.2018, 19:00 Сс
Арена: АМУ Х. Досмұхамедов атындағы (Атырау)
66:72
Негізгі уақыт
21:24 10:19 20:12 15:17
Ойын нөмірі: 16
Көрермен: 100
Астана
Астана

«Астананың» жайық жағасындағы жеңістері

06.02.2018, 23:00    Просмотров: 590
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Астана» ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында «Атырау Барыстары» клубымен өткен түздегі екі ойынын тәмамдады.
 
Екі күн бойы Атырауда бір-бірімен бәсекелес командалар арасында табан тірескен тартысты ойындар өтті. Екі ойын да елорда командасына оңайға түскен жоқ. Атырау командасы – Қазақстандағы азулы ұжымдардың бірі. «Барыстар» – қашан да «Астанаға» қарсы ерекше дайындалатын, қашан да аянбай жанкештілік танытатын команда.
 
Естеріңізге сала кетейік, бірінші кездесу 84:86 есебімен аяқталып, елордалық қонақтар жеңіске жеткен болатын. Екінші ойын да шектен тыс шиеленісті өтті, әсіресе, соңғы онминуттығы эмоцияға толы болды. Елорда баскетболшыларының шеберліктері басым болып, осы матчта да, жалпы екі күнгі додада да «Астана» жеңіске жетті. Екінші ойын 66:72 есебімен аяқталып, астаналықтар жеңіске жетті.
 
Ойын статистикасы: Анатолий Колесников — 17 ұпай, Энтони Клеммонс — 15 ұпай, Ике Удано — 13 ұпай, Рустам Ерғали — 9 ұпай.


«Астана» БК бас бапкері міндетін атқарушы Михаил Карпенко өткен ойындар жайлы өз пікірін білдірді:
– Екі ойын да біз үшін мейілінше күрделі болды. Әрине, оның ұлттық біріншіліктің қорытынды кестесінде жүлделі орындарды бөлісуімізге әсер етер маңызы өте зор еді. Мұны біз де, қарсыласымыз да жақсы түсінді. Ойындар бір-біріне ұқсас сценарийде өрбіді. Матчтың бірінші бөлігінде біз басымырақ болдық, бәрін де бақылап отырдық. Ал екінші жартысында қарсыласымыз бізді қуып жетуге тырысты, тіпті бірінші ойында да, екінші матчта да мұны олар жүзеге асыруға шақ қалды. Мүмкін, бұған дейін «Каспий» және «Қапшағай» клубтарын оңай жеңгеніміздің де кері әсері тиген болар. Атыраудағы матчтарға өзімізге тым сенімді болып келгендейміз. Екінші бір ескерте кетерлігі, бұл маусымда бізге қарсы ешбір команда аймақтық (шептік) қорғаныс үлгісін көп қолданған жоқ еді. Бұл да әсер етті. Әйтсе де, команда аянған жоқ, жақсы ойнады. Ең бастысы, турнир кестесіндегі мақсатымызға қол жеткіздік. Ал қателіктерімізді талдаймыз және түзейміз. Енді, ВТБ лигасы аясында, алдағы демалыс күні Петербордың «Зенитімен» өтетін, келесі ойынға дайындала бастаймыз.

Кезекті ойындар жұбының қорытындысы бойынша, Қазақстан чемпионатында елорда клубының еншісінде – 10 ойында 10 жеңіс. Осылай «Астана» Ұлттық лиганың турнир кестесінде 1-орынды иеленіп тұр.
  
«Астана» келесі ойынын өз алаңында өткізіп, 11 ақпан күні елорда баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Петербордың «Зенит» клубын қабылдайды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021