ВТБ Бірыңғай лигасы 2017/2018
Парма
Пермь
ВТБ Бірыңғай лигасы, Тұрақты біріншілік
05.11.2017, 18:30 Жс
Арена: ӘСС «Молот» (Пермь)
vs.
Ойын нөмірі: RS-28
Астана
Астана

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«Парма» - ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан.

«Парма» баскетбол клубы 2012 жылы құрылған. Бұл команданың құрылуына Пермь өлкесі Спорт министрлігінің және Пермь өлкесі Спорттық дайындық орталығының қолдауымен жүзеге асырылған «Баскетбол Академиясы» жобасы негіз болған. «Парманың» бапкерлер құрамын «Урал-Грейт» БК бұрынғы капитаны Вячеслав Шушаков пен Ресейдің ең үздік жаттықтырушыларының бірі Владимир Полуянов құраған.

«Парма» бірінші маусымда Ресей чемпионатының Жоғары лигасында өнер көрсетті. Алғашқы маусымда-ақ Жоғары лигадағы командалардың ішінде үйдегі ойындарына ең көп көрермен жинаған команда болды (орта есеппен әр ойынға 1400 көрерменнен).

2013/2014 жылдар маусымын «Парма» Ресей чемионатының Суперлигасында өткізіп, маусымды 11-орынмен тәмамдады.

2014/2015 жылдар маусымында да «Парма» Суперлигада бақ сынап, Ресей кубогы додасына қатысты. 

2013/2014 жылдар маусымы аралығында «Парма» Удмуртия ашық кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, осы маусым команданы түлетіп, жігерлендіре түсті. Суперлигада 22 тур бойы ойқастап көш бастағаны, қарсыластарының да көзқарастарын өзгертті. Енді бұл командаға басқалары чемпионаттың үздік ұжымының бірі ретінде қарайтын болды. Маусымды 7-орынмен аяқтап, «Парма» баға жетпес тәжірибе жинақтап, үйдегі ойындарында көрермендерін қуанышқа бөлеп, айыздарын қандырды.

Ресей кубогы додасының 1/4 финалында, екі ойынның қорытындысы бойынша «Новосибирск» клубын жолынан тайдырып, «Парма» тұңғыш рет «Төртеу финалына» шықты. Әрі РБФ Атқару комитетінің шешімімен финалдық доданың өтетін жері Пермь қаласы және «Молот» ӘСС (әмбебап спорт сарайы) болып таңдалып алынды.   

2016 жылдың 22 ақпаны клуб тарихындағы елеулі күн болып, “алтын” әріптермен жазылып қалды. «Парма» Ресей кубогының финалында питердің «Зенитін» тас-талқан қылды (97:65). Сөйтіп, Ресей кубогының иегері атанды.

2016 жылғы 7 мамыр күні «Парма» Ресей чемпионатында да алғаш рет өз тарихында жоғары жетістікке қол жеткізіп, бірінші Суперлигада қола жүлдегер атанды. В.П.Сухарев атындағы СК алаңында, яғни өз жанкүйерлерінің көз алдында «Самара» клубын үшінші рет тізе бүктірді.

2016 жылы 16 шілдеде Мәскеуде ВТБ Бірыңғай лигасы кеңесі (алқа жиыны) өтіп, онда 2016/2017 жылдар маусымындағы чемпионаттың өткізілу тәртібі мен қатысатын командалар құрамы бекітілді. Лига кеңесінде «Парма» баскетбол клубының мүддесін Пермь өлкесі делегациясы қорғады. Әрі Кеңес шешімімен «Парма» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа мүшесі болып қабылданды.

Жетістіктері:
  • Ресей кубогының иегері – 2015/2016
  • Ресей Суперлигасының қола жүлдегері – 2015/2016