ВТБ Бірыңғай лигасы 2017/2018
Енисей
Краснояр өлкесі
ВТБ Бірыңғай лигасы, Тұрақты біріншілік
08.04.2018, 15:00 Жс
Арена: «Арена.Север» (Красноярск)
90:76
Негізгі уақыт
21:18 29:24 24:15 16:19
Ойын нөмірі: RS-125
Көрермен: 500
Астана
Астана

«Астана» Красноярскіге кетті

07.04.2018, 10:00    Просмотров: 82
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 8 сәуір күні, елорда баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын түзде өткізіп, Ресейдің Красноярск қаласындағы «Енисей» клубымен кездеседі.
 
«Енисей» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Красноярск қаласынан, 1981 жылы құрылған
 
Жетістіктері:
  • Ресей суперлигасының Б дивизионы чемпионы – 2006
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2011
 
Өткен кездесулер хроникасы:
Красноярск командасы да, «Астана» клубы секілді биылғы маусымда ВТБ лигасында жетінші жыл өнер көрсетіп отыр. «Астанамен» өзара ойындарына тоқталар болсақ, өткен 6 маусымда екі ұжым 7 ойын өткізді. Оның үшеуінде «Астана» жеңіске жетті. Биылғы маусымда елорда клубы Красноярск командасын өз алаңында қабылдап, 92:75 есебімен басым түскен болатын. 
 
Қазіргі жағдай:
Соңғы үш маусымда команданы Ресей маманы Олег Окулов жаттықтырып жүр. Команданың көшбасшыларының бірі, Нигерия шабуылшысы Сулейман Браймо биылғы маусымда «Енисейдің» ең тиімді және көп ұпай жинаған ойыншыларының бірегейі болып саналады. Ол орта есеппен, әр ойында 14 ұпайдан еншілеп жүр. Забиан Дауделл, Энтони Хиллиард және Октавиус Эллис сынды америкалық баскетболшыларынан құрылған екпінді үштігі де ойын өрнектерін өрбітіп, сенімдерін ақтап келеді.
 
Турнир кестесі:
Красноярск командасы турнир кестесінде 13-орынды иемденіп тұр. Нәтижелері – 3 жеңіс, 14 жеңіліс. Ал елорда баскетбол клубы 11-орынға орналасқан, көрсеткіштері – 6 жеңіс, 13 жеңіліс. 
 
«Астана» БК бас бапкері Михаил Карпенко:
– Түзде бізді «Енисей» командасымен өте маңызды және жауапты ойын күтіп тұр. Бұлай дейтін себебім, дәл қазір біз плей-оффқа ілігу үшін жанталасып жүрген өзіміздің басты бәсекелестерімізден қалыңқырап келеміз. «Енисей» турнир кестесінің соңында орналасқанымен, бұл ойын бізге мүлде оңай болмайды. Ешқандай жағдайда да! «Енисей» командасы өз алаңында, жанкүйерлерінің қолдауымен аянбай, бар күшін салып ойнайды. Бұл команда – шабуылға иек артқан ұжым. Бұл ретте, көп мәселе қорғаныстан шабуылға тез көшуді және ерте қимылдауды қалай ұйымдастыра білулеріне байланысты болады. Біз олардың ерте қимылдауларына жол бермеуге тырысуымыз керек. Сонымен қатар, «Енисейдің» құрамында алаңда бетпе-бет келіп қалғанда, жеке шеберліктерінің арқасында сытылып кете алатын ойыншылар өте көп. Жаңа ойыншысы Марк Лайонс және Забиан Дауделл, Энтони Хиллиард, Денис Захаров, Виталий Лютыч сынды жігіттері алаңда аянбайды. Орталық шептегі ойыншысы Мартиньш Мейерс шығыршық түбінде көп қауіп төндіре алады. Біз, ең әуелі, қорғаныста мұқият ойнайтын өз тәртібімізге берік болуымыз керек. Қорғаныста сауатты ойнай білсек қана шабуылда дұрыс шешім қабылдап, жігерлене түсетін боламыз. Біз бұл ойынға мейілінше дайындалып, өзімізді қайрап, алаңға біз үшін плей-офф басталғандай кейіпте шығамыз.
 
Қайда, қашан, нешеде?
Арена: Ресей, Красноярск, «Арена Солтүстік»
Уақыт: 15.00 Астана уақыты бойынша
Трансляция: ВТБ Бірыңғай лигасының сайты, «Астана» ПБК сайты, «QazSport» телеарнасы (14.50-де).

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 1981 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: «Арена.Север»
Қала: Краснояр өлкесі Сайт: www.basket-enisey.ru

Сипаттамасы

«Енисей» - ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Красноярск өлкесінен.

Жетістіктері:
  • Ресей суперлигасының Б дивизионы чемпионы – 2006
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2011

Команданың жалпы суреті

Енисей