ВТБ Бірыңғай лигасы 2017/2018
Нижний Новгород
Нижний Новгород
ВТБ Бірыңғай лигасы, Тұрақты біріншілік
18.03.2018, 19:00 Жс
Арена: СС «Нагорный» (Нижний Новгород)
79:78
Негізгі уақыт
24:24 17:16 17:17 21:21
Ойын нөмірі: RS-110
Көрермен: 1770
Астана
Астана

«Астана» «Нижний Новгородпен» түзде ойнайды

17.03.2018, 10:00    Просмотров: 147
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 18 наурыз күні, елорда баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізіп, түзде «Нижний Новгород» клубымен кездеседі.
 
«Нижний Новгород» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Нижний Новгород қаласынан.
 
Жетістіктері:
  • Ресей Суперлигасындағы «Б» дивизионының чемпионы – 2010
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2013/14
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2013/14
 
Өткен кездесулер хроникасы:
Нижний Новгород қаласының баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында, «Астана» секілді, 2011 жылдан бері ойнайды. Содан бері «нижегородтықтар» бірнеше рет көпшілікті қайран қалдырды. 2013/2014 жылдар маусымында «Нижний» ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері атанып, күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Жартылай финалда «Летувос Ритас» клубын төрт ойынның үшеуінде жеңіп, финалда Мәскеудің ЦСКА командасынан ұтылды. Ең бастысы, осы доданың күміс жүлдесін ғана емес, Еуролига жолдамасын да жеңіп алған болатын.   
«Астанамен» өзара ойындарына келер болсақ, екі команда 11 рет кездесіп, оның үшеуінде «Астана» жеңіске жетті. Биыл қаңтар айында елорда клубы «нижегородтықтарды» өз алаңында қабылдаған. Шектен тыс шиеленісті өткен сол ойында қонақтар 85:73 есебімен басым түскен. Волгалықтарға есе жіберіп алған осы жеңілістен кейін команданың бұрынғы бас бапкері Костас Флеваракис қызметінен кеткен болатын.  

Турнир кестесі:
«Нижний Новгород» баскетбол клубы ВТБ лигасының турнир кестесінде 4 жеңіс, 10 жеңіліспен 11-орынға табан тіреп тұр. Ал «Астана» баскетболшылары 6 жеңіс, 10 жеңіліспен 7-орынға орналасқан.

«Астана» БК бас бапкері міндетін атқарушы Михаил Карпенконың пікірі:
– Биылғы маусымда «Нижний Новгород» құрамын өзгертті. Бапкер Зоран Лукич командаға екінші рет келді. Енді ол команданың ойын өрнегін қайта құрып, жетілдіріп жатыр. Бірнеше тәжірибелі ойыншылары да, бапкерлеріне шеберліктерін шыңдай түсу қажет ойыншылары да бар. Жаттықтырушылары соңғыларның болашақтарына үміт артады. Ойын оңай болмайды. Нижегородтықтар да, біз секілді, плей-оффқа шығу үшін бар күш-жігерлерін салып, жанталасып жүр. Дәл қазір олардың бізден жеңістері кем, бірақ екеуара кездесуде бізден өз алаңымызда басым түскен. Әрине, олар «Астананы» жеңуге болатындығын түсінеді. Алайда, сол матчтан кейін біз ВТБ лигасында бірнеше ойынды аса жоғары деңгейде өткіздік. Нақтырақ айтқанда, 5 ойынның 4-еуінде жеңіске жеттік. Өз күшімізге, әлеуетімізге деген өте қажет сенімділігіміз артты. Бірінші кезекте, бізге бұл команданың көшбасшыларына ерекше көңіл бөлу қажет. Олар – мергендігіне көпшілік қызығатын Стефан Еловац, Джейкоб Одум, Иван Стребков, Владимир Веремеенко және Петр Губанов. Міне, осы бесеуін Зоран Лукичтің командасының негізгі күші деуге болады. Осыларды тұсаулап ұстай алсақ, жеңіске жетуге болады. Негізінен үнемі өзіміз айрықша көңіл бөлетін қорғаныста ғана мұқият ойнау емес, шабуылда да дұрыс шешім қабылдау маңызды болады. Өйткені, «Нижний» де – көбінесе біз сияқты, қорғанысқа көп көңіл бөлетін, сондай-ақ жігерлік және жауапкершілік танытып, темірдей тәртіп көрсете білетін команда. Сондықтан бізге оңай болмайды. Бірақ біз алаңда жеңіске жетуге ықпал ететін, өзімізге оңтайлы сәттерді табуға тырысамыз.        
 
Қайда, қашан, нешеде?
Нижний Новгород, «Нагорный» ОСК
Уақыт: 16.00 Мәскеу уақыты бойынша
Трансляция: ВТБ Бірыңғай лигасының сайты, «Астана» БК сайты, «QazSport» телеарнасы.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2000 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Профсоюзов»
Қала: Нижний Новгород Сайт: www.nn-basket.ru

Сипаттамасы

«Нижний Новгород» – ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Нижний Новгород қаласынан.

Жетістіктер:
  • Ресей Суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2010
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2013/2014
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2013/2014

Команданың жалпы суреті

Нижний Новгород