ФИБА Азия Чемпиондар кубогы 2017
Петрохими
Бендер-Махшехр
ФИБА Азия чемпиондар Кубогы, Топтық кезең
23.09.2017, 12:30 Сн
Арена: Чэньчжоу Спортс Центр (Чэньчжоу)
65:66
Негізгі уақыт
21:12 18:18 14:21 12:15
Ойын нөмірі: 5
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» «Петрохими» клубын басым түсіп рухы көтерілді

23.09.2017, 20:00    Просмотров: 498
Источник: ФИБА
Автор:
«Петрохими» ойынды жоғары қарқында бастап, 11 ұпай еншілеп, ойынның бірінші ширек бөлігі аяқталғанда, басымдық танытып, тоғыз ұпай айырмасымен алға шықты. Олар қиналмай жеңіске жететіндей болып көрінген, алайда Қазақстан командасы ойынның екінші бөлігінде көсіле шапты. «Астана» БК шетелдік ойыншыларының, атап айтқанда, Джастин Картер мен Энтони Клеммонстің дәл соққыларына иек артты. Мұның бәрі матчтың төртінші ширек бөлігінде Рустам Ерғалиевтің үш ұпайлық соққысының арқасында жеңіске жетуіне септігін тигізді.

Ойынның аяғында екі команда да оймақторға допты жиі лақтырумен болды. Қазақстан командасы бес ұпай айырмасымен алға шығып, арқаларын кеңге салған. Алайда Навид Никташтің үш ұпайлық соққысы «Петрохими» командасына жігерлендіре түсті. Бірақ «Астана» БК айып соққыларын мүлтіксіз орындап, жеңісті уыстарынан шығарған жоқ. Тартысты матч осылай аяқталды. Есеп – 66:65.



Картер үш мәрте үш ұпайлық соққысын дәл түсіріп, ойын аяғына дейін өз командасының қоржынына 24 ұпай салды. Клеммонс 12 ұпай, ал еңгерзедей Александр Жигулин 10 ұпай еншіледі.

Вилли Варрен «Петрохими» командасын алға жетелеп, 17 еншіледі. Ал оның шетелдік серігі Мирза Бежич 21 минутта екі-ақ ұпай еншілеп, сенім үдесінен шыға алмады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: Клубтық түстері: сары, көк
Мемлекет: Иран Арена: Андишех Арена
Қала: Бендер-Махшехр Сайт:

Сипаттамасы

Команданың жалпы суреті

Петрохими