Жолдастық кездесу
Астана
Астана
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
04.09.2017, 18:30 Дс
Арена: Жальгирис Арена (Куанас)
73:69
Негізгі уақыт
18:8 10:25 23:21 18:19
Ойын нөмірі: ТМ-1
Көрермен: 0
Жальгирис
Каунас

«Астана» жаңа маусымдағы алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

05.09.2017, 16:15    Просмотров: 529
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
2017 жылғы 4 қыркүйек күні, «Астана» баскетболшылары, Литвадағы оқу-жаттығу жиыны аясында Литваның әйгілі командасы «Жальгириспен» жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойын Каунас қаласындағы «Жальгирис – Арена» алаңында өтті.

Жаңа маусымдағы бірінші жолдастық кездесу елорда баскетболшыларының жеңісімен аяқталды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан командасы 73:69 есебімен басым түсті.

Бұл ойында «Астананың» грекиялық қорғаушысы Леонидас Каселакис команда қоржынына 17 ұпай салды. Сондай-ақ, «Астана» клубының жаңа ойыншылары да көзге түсті. Атап айтқанда, Ике Удано мен Джастин Картер 15 ұпайдан еншіледі. Қазақстан шабуылшысы Александр Жигулин еншісіне бес ұпай жазды. 



«Астана» келесі жолдастық кездесуін Литваның азулы командаларының бірі «Летовус – Ритас» клубымен өткізеді. Бұл матч 7 қыркүйек күні Литва Республикасының астанасы Вильнюс қаласында өтеді.
 

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1944 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Литва Арена: Жальгирис Арена
Қала: Каунас Сайт: zalgiris.lt

Сипаттамасы