Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2017
Тобыл
Қостанай
Қазақстан Кубогы, Плей-офф 1/2 финалы
11.03.2017, 14:00 Сн
Арена: ӘСК «Достық» (Алматы)
54:80
Негізгі уақыт
17:30 16:16 18:11 3:23
Ойын нөмірі: ККМ-08
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» Қазақстан кубогының финалында

11.03.2017, 18:00    Просмотров: 850
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогы додасының жартылай финалдық кездесуі өтіп, «Астана» мен Қостанайдың «Тобылы» кездесті.

«Тобыл» командасы Қазақстан чемпионатының Жоғарғы тобында ойнайды. Әрі тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетіп жүр. Қостанайлықтардың намысын «Астананың» бұрынғы ойыншылары Максим Воейков пен Тимур Сұлтанов та қорғайды. Осының алдындағы матчта «Тобыл» жартылай финалға шығу үшін «Алматы Легионы» командасымен кездесіп, 90:87 есебімен жеңіске жеткен болатын. 
 
«Астананың» негізгі құрамдағы бестігі: Рүстем Мырзағалиев, Антон Пономарев, Рустам Ерғали, Максим Марчук және Александр Жигулин.

Есепті бірінші болып қостанайлықтар ашып, еншілеріне екі ұпай жазды. Көп күттірмей «Астана» өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, ұпай қорын молайта берді. Бірінші кезең мейілінше “тыныш” өтіп, командалар бір-бірінің аңдысын аңдаумен болды. Әйтсе де, бірінші онминуттықта «Астана» 29:17 есебімен басым түсті.
  
Екінші кезеңде «Астана» біршама алға ұзап кеткен соң, сәл босаңсып, арқаны кеңге сала бастады. «Тобыл» мұны қалт жібермей, кәдеге асыра білді. Белгілі бір уақыт аралығында жақсы жұмыс жасады. Есепті қысқарта түсті. Десек те, ойынның бірінші жартысы «Астана» клубының жеңісімен аяқталды. Есеп – 46:33.
   
Соңғы екі кезеңде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Рас, үшінші кезеңде «Тобыл» «Астананы» қуып жетуге тырысып, қарқынын үдетті, есепті 6 ұпайға дейін қысқартты. Бірақ одан әріге шамалары жетпеді. Кездесу 80:54 есебімен аяқталып, «Астана» ПБК басымдық танытты.
 
Статистика: Антон Пономарев – 22 ұпай, Рустам Ерғали – 19 ұпай, Вадим Щербак – 10 ұпай.

Сөйтіп, «Астана» ел кубогы додасының финалына шықты. Олар енді екінші жартылай финалдағы, «Атырау Барыстары» мен «Каспий» клубтары арасындағы матчта жеңіске жеткен командамен кездеседі. Ал батыс дербиінде жеңіліп қалған команда Қостанайдың «Тобылымен» 3-орынды сарапқа салады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018 

Команданың жалпы суреті

Тобыл