ХХV Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасы
Астана
Астана
Ұлттық лига, 4-і Финалы 1/2 финалы
21.04.2017, 19:00 Жм
Арена: Велотрек «Сары-Арқа» (Астана)
99:70
Негізгі уақыт
32:20 27:21 19:10 21:19
Ойын нөмірі: ПО-02
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

«Астана» Қазақстан чемпионатының финалына шықты

22.04.2017, 09:00    Просмотров: 55
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін баскетболдан Қазақстан чемпионатының «Төртеу финалы» додасында жартылай финалдық ойындар өтті.

Бірінші жұпта «Атырау Барыстары» мен «Каспий» финалға шығу үшін додаға түсті. Шектен тыс шиеленісті ойында атыраулықтар 86:82 есебімен жеңіске жетті.

Елорда баскетболшылар Жоғарғы лиганың «А» дивизионы жеңімпазымен, яғни «Тобыл» командасымен ойнады. Ойын басталған бетте алаң иелері суырылып алға шығып, ұпай айырмасын ойын аяғына дейін сақтап қалды. Кездесу 99:70 есебімен, «Астананың» жеңісімен аяқталды.

Матч статистикасы: Антон Пономарев – 17 ұпай, Рустам Ерғали – 16 ұпай, Рустам Мырзағалиев және Йан Миллер – 14 ұпайдан.

Сөйтіп, жексенбі күні ел чемпионатының қола жүлдесін «Каспий» – «Тобыл» жұбы, ал алтын медалын «Астана» – «Атырау Барыстары» командалары сарапқа салатын болды..

Естеріңізге сала кетейік, финалдық ойындар 23 сәуір күні «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді. Басталуы – 15:00-де. Кіру – тегін.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 2003 Клубтық түстері: сары, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: СК «Динамо»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

Команданың жалпы суреті

Тобыл