Клуб

Клуб тарихы

«Астана» баскетбол клубы 2011 жылдың наурыз айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылған. 2013 жылы «Астана» БК «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының» құрамына енді. 2016 жылы «Астана» баскетбол клубы атауын өзгертіп, бүгінде елорда командасы «Астана» Президентік баскетбол клубы деген асқақ атауға ие болды.
 
Бапкерлер құрамын әр жылдары, осы саладағы үздік мамандар басқарды:
  1. 2011−2013 жылдары бас бапкер Италия маманы Маттео Боничиолли болды. Ол 2008 жылы Италияда «Жыл жаттықтырушысы» болып танылды. Дәл сол жылы аталған маман «Авеллино» клубымен «Еурочеленджер» кубогын жеңіп алды. Ал 2010 жылы «Лоттоматика Рома» клубымен Еуролиганың Top−16 додасына шықты.
  2. 2013/2014 жылдар маусымында команданы серб маманы Александар Трифунович жаттықтырды. Ол елорда командасымен Қазақстан ұлттық чемпионатында үстемдік құрып, топ жарды. Сондай-ақ «Астананың» турнир кестесіндегі жағдайын тұрақтандырып, команданы ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысына алып шықты.
  3. 2014 жылдың ақпан айынан бастап, 2015 жылға дейін команданы Литва жаттықтырушысы Рамунас Бутаутас баптады. Ол Еуропаға танымал маман болатын. 2007−2010 жылдары ерлер арасындағы Литва құрамасын жаттықтырып, Еуробаскет біріншілігінде қола жүлдеге ие болып, Бейжің Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ал Олимпиада ойындарынан төртінші орынды ожалап қайтқан.
  4. 2015/2016 жылдар маусымында клубқа Грекия маманы Илиас Папатеодору бас бапкер болып бектіліді. Жасөспірімдер командасымен көп еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған, Грекии U20 жастар құрамасын жаттықтырған – талабы зор, дарынды бапкер.
 
2014 жылы «Астана» тұңғыш рет Еуропаның клубтық додасына қатысып, Халықаралық баскетбол федерациясының EuroChallenge кубогында “Top−16” сатысына дейін жетті. Ширек финалға бір қадам ғана жетпей қалды.
  
«Астана» БК жетістіктері:
  • Қазақстан кубогының бес дүркін иегері — 2011, 2012, 2013, 2014, 2017
  • ҚР Ұлттық лигасының бес дүркін чемпионы — 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • ҚР Ұлттық лигасы чемпионатының күміс жүлдегері — 2015/2016
  • FIBA Азия чемпиондары кубогының қола жүлдегері — 2017
  • 7 орын топта ВТБ Бірыңғай лигасы (2011/12 жж. маусымы)
  • 5 орын топта ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысы (2012/13 жж. маусымы)
  • 5 орын топта ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысы (2013/14 жж. маусымы)
  • 8 орын ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысы (2014/15 жж. маусымы)
 
ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатындағы алты маусымның ішінде Қазақстан клубы бірнеше рет көпшілікті тәнті етіп, өз алаңында Еуропа баскетболының азулы командаларын тізе бүктірді. Атап айтқанда – «Жальгирис» және «Летувос-Ритас» (Литва), «Будивельник», «Донецк» және «Азовмаш» (Украина), «Калев» (Эстония), «ВЭФ» (Латвия), «Нижний Новгород», «Красные крылья», «Химки», «Автодор» (Ресей).

Мұндай жетістіктерді Қазақстан баскетболының жанашырлары, жанкүйерлері мен спорт қайраткерлері мақтан тұтады. Аз ғана уақыт ішінде осындай елеулі нәтижелері қол жеткізген клуб мұнымен шектеліп, тоқмейілсіп қалмақ емес.   


«Астана» БК ойыншылары өз лигаларында бірнеше рет теңдессіз танылды:
  • Джерри Джонсон – Қазақстан кубогының 2012, 2014 және 2015 жылдардағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы чемпионатының 2011/2012 және 2013/2014 жылдар маусымындағы «Ең үздік үйлестірушісі».
  • Рустам Ерғалиев – Қазақстан кубогының 2012 жылғы «Ең үздік шабуылдаушы қорғаушысы».
  • Рашид Махалбашич – Қазақстан кубогының 2015 жылғы және Қазақстан Республикасы чемпионатының 2014/2015 жылдар маусымындағы «Ең үздік орталық ойыншысы».
  • Антон Пономарев – Қазақстан кубогының 2013 жылғы «Ең үздік ауыр шабуылшысы», сондай-ақ ВТБ Бірыңғай лигасының тұжырымы бойынша 2012/13 жылдар маусымындағы «Ең үздік қазақстандық ойыншы».
  • Патрик Калатес – Қазақстан кубогының 2014 жылғы «Ең үздік шабуылшысы».
  • Анатолий Колесников – ВТБ Бірыңғай лигасының тұжырымы бойынша 2014/15 жылдар маусымындағы «Ең үздік қазақстандық ойыншы».

Алдағы маусымдарда да «Астана» өз жанкүйерлерін жаңа, жарқын және жүрек тербер жеңістерімен қуанышқа бөлей беруге ниетті.