Академия

Баскетбол – өте қызықты спорт түрлерінің бірі. Баскетболмен айналысу табандылық, батылдық, өжеттік, әділдік, өзіне деген сенімділік, ұжымшылдық сезімі секілді қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Баскетбол адамды шыңдайтын тартымды ойын болып табылады. Баскетбол секілді командалық ойын қоғамға сіңіп кетуге, достар табуға, тек өзіңе ғана емес, тіпті толық команда үшін жауапты болуға көмектеседі, сондай-ақ бәсекелестік рухқа баулиды. Баскетбол тек қана денсаулықты шыңдамайды, сонымен қатар қоғамдық ортаға бейімделуге, өзіңді бағалай білуге ықпал етеді.
 

Академия жайлы

2017 жылдың 12 қаңтарында Астана балалар баскетбол академиясының ресми ашылуы өтті. «Академияны» құру идеясының өзі ұйымдастырушылар тарапынан бірнеше жыл бойы көтеріліп, 2016 жылы жобаны жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыстар басталды.
 

Міндеттері: Академияның негізгі міндеті жеңімпаз психологиясын қалыптастыра отырып, командада жұмыс жасай білетін, үйлесімді жетілген тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады. Біз балаларды тек қана спортқа баулып қоймаймыз, сондай-ақ интеллектуалды тұрғыда жетіле түсуіне және бос уақытын пайдалы өткізуіне ықпал етеміз. Әр баламен жекелей де жұмыс жасап, әрқайсысының бабын табуға тырысу Академия жүйесінің негізі болып табылады. Соның арқасында ОТБАСЫ-МЕКТЕП-АКАДЕМИЯ берік байланысы пайда болады.  

Мақсаты: Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытып, әсіресе жас буын арасында өркендетіп, әрі Қазақстан халқының үштен бір бөлігінен артығын қамту ұсынысын жүзеге асыру. Республикада баскетболды дамытуға берік те, баянды база құрып, одан әрі жоғары спорттық білім алуға әсер ету. Мұның ішінде өскелең ұрпақты спортпен айналысуға тартып, қоғамға жат қылықтардан аластату өзекті болып табылады.

Астана балалар баскетбол академиясы барлық халықаралық талаптарға жауап береді, ол барлық қажетті кәсіби жабдықтармен, соның ішінде балаларға арналған ойын формасымен жабдықталған.

Ақылы сабақтар

Астана балалар баскетбол академиясында ақылы негізде оқу құны айына 15 000 теңгені құрайды және аптасына бірнеше жаттығу сабақтарын қамтиды.

Ақылы топқа қабылдау 2005-2014 жылы туған ұл балалар үшін жүзеге асырылады. және 2010-2013 ж.т. қыздар

Жұмысқа қабылдау сұрақтары бойынша +7 777 847 33 22 телефонына хабарласыңыз — Академия әкімшісі Азамат Ысқақов.

Жетістіктер


2019:
  • 14 жасқа дейінгі Қазақстан жазғы чемпионаты – 11 орын
  • 14 жасқа дейінгі Қазақстан кубогы – 3 орын

2020:
  • 15 жасқа дейінгі Қазақстан қысқы чемпионаты – 6 орын
  • 17 жасқа дейінгі Қазақстан қысқы чемпионаты – 7 орын
  • 15 жасқа дейінгі Қазақстан көктемгі чемпионаты – 3 орын
  • 16 жасқа дейінгі Қазақстан жазғы чемпионаты – 2 орын
  • 14 жасқа дейінгі Қазақстан жазғы чемпионаты – 9 орын
  • 15 жасқа дейінгі Қазақстан күзгі чемпионаты – 3 орын
  • 14 жасқа дейінгі Қазақстан қысқы чемпионаты – 6 орын

2021:
  • 15 жасқа дейінгі Қазақстан қысқы чемпионаты – 6 орын
  • 17 жасқа дейінгі Қазақстан қысқы чемпионаты – 9 орын
  • 15 жасқа дейінгі Қазақстан көктемгі чемпионаты – 3 орын
  • 17 жасқа дейінгі Қазақстан жазғы чемпионаты – 2 орын
  • 15 жасқа дейінгі Қазақстан күзгі чемпионаты – 3 орын
  • 14 жасқа дейінгі Қазақстан қысқы чемпионаты – 6 орын

2021:
  • 13 жасқа дейінгі Қазақстан күзгі чемпионаты – 7 орын
  • 15 жасқа дейінгі Қазақстан күзгі чемпионаты – 3 орын

Байланыс

Баскетболдан «Астана» балалар академиясы
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы:

  • Қабанбай батыр даң., 45 А - «Сарыарқа» велотрегi
  • Тәуелсіздік даң., 30 (Майлина көш. қиылысында)


Телефондар:
+7 777 847 33 22 — Азамат Искаков

* Дс - Жм,  09:00-ден - 18:00-ге дейін қоңырау шалу.