Клуб

Серіктестер

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес, «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг акционерлік қоғамын» біріктіру жолымен құрылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру үшін және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге жайсыз әсер етуі ықтимал факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
 
Қорды негізгі мақсаты ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.
 

Қор қызметінің негізгі қағидаттары болып табылатындар:

  • қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
  • қордың және оның компаниялары қызметтерінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
  • шешімдер қабылдауда және оларды жүзеге асыру кезінде жүйелілік және шұғылдық;
  • жауаптылық және есеп беруге міндеттілік.
 
Қор қызметінің негізгі бағыттары болып табылатындар:
  • ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
  • ел экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
  • компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.
 

Қор - Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қайырымдылық (демеушілік) ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай оператор болып табылады.

Ұйым қайырымдылық (демеушілік) көмектің әлеуетті алушыларының өтінімдерін қабылдаумен, өңдеумен және талдаумен айналысады.



Мақсаттары:

  • Кәсіби және әуесқой спортты қолдау;
  • Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту;
  • Бұқаралық спортты насихаттау және дамыту;
  • Қордың жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыру үшін демеушілерді, Қайырымдылық жасаушыларды ынтымақтастыққа тарту.

Жұмыс принциптері:
  • Қызметтің ашықтығы;
  • Тиімділігі;
  • Әлеуметтік маңыздылығы;
  • Жүйелілік.
 


1XBET букмекерлік компаниясы

2016 жылы 1xBet букмекерлік компаниясы Қазақстан нарығындағы қызметін бастады және 5 жылдан астам уақыт бойы букмекерлік бизнес индустриясында жетекші орынға ие.

Компания әрдайым өз тұтынушыларының талаптары мен сенімін орындау үшін инвестиция салып, өз өнімін үнемі дамытады. 1XBET сонымен қатар клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады, осылайша барлық көрсеткіш бойынша ең жақсы букмекерлік компаниялардың бірі болу мақсатына жақындап келеді. 

Компанияның басты мақсаты — еліміздің спорт секторын дамыту және қазақстандық спортшыларды қолдау. Бүгінгі таңда 1xBet өзін спорттық эмоциялардың басты демеушісі ретінде көрсетеді, өйткені 1x банкі қазірдің өзінде арасында атақты спортшылар мен әртістер бар амбассадорлармен табысты жобалар және байланыстарға жол ашқан.